AEG SFR682F1AF [3/64] Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі

Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
3 және 8 жас арасындағы балаларға тиісті
нұсқаулар берілсе, оларға құрылғыны толтыруға
және босатуға рұқсат етіледі.
Бұл құрылғыны мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек
адамдар тиісті нұсқаулар алған болса пайдалана
алады.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғы үйде не сол сияқты төменде аталған
жерлерде пайдалану үшін жасалған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде;
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және
басқа тұрғынды жерлерде.
ҚАЗАҚ 3

Содержание

Похожие устройства

Скачать