Timberk T-WSS30-N27C-VG [25/32] Су жылытқыштың сипаттамасы

Timberk T-WSS30-N27C-VG [25/32] Су жылытқыштың сипаттамасы
IM2020
25
5. СУ ЖЫЛЫТҚЫШТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Сурет 2*
* Сурет анықтамалық ақпарат ретінде
келтірілген және нақты аспаптан өзгеше
болуы мүмкін
1. Жоғарғы аралас қорғаныш қақпағы
2. Сыртқы сәндік корпус
3. Құю жүйесі
4. Көбікполиуретаннан жасалған жылу
оқшаулайтын қабаты
5. Ішкі резервуар
6. Жылыту элементі
7. Термостат датичгінің түтігі
8. Қорғаныс магний аноды
9. Кіріс келтеқұбыры кескіш
10. Төменгі аралас қорғаныс қақпағы
11. Су жылытқыштан су құбыры магистраліне
суды ағызудан қорғауға және ішкі резервуарды
артық қысымнан қорғауға арналған аралас
сақтандыру құбыры (суық су беру келтеқұбырына
міндетті орнату қажет)
12. Судың артық қысымын авариялық ағызып алу
(су жылытқыштың жұмысы кезінде сақтандыру
клапанының қысымын шығару тесігінен судың
ағуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай)
13. Ыстық су шығысының келте құбыры
14. Ыстық су алатын келте құбырдың үстіңгі бөлігі
15. Басқару панелі
16. Термиялық ажыратқыш
17. Кіру келтеқұбыры
18. Жалғағыш қалып
6. ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫҒЫ
1. Электрлік жинақтаушы суқыздырғыш 1
дана
2. Сақтандыру клапаны 1 дана
3. Анкерлік болт жиынтығы 1 дана
4. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 1 дана
5. Кепілдік талоны 1 дана
6. Қаптама 1 дана
Өндіруші осы құрылғыны жеткізу аясының мазмұнын қосымша ескертусіз өзгерту құқығын өзіне
қалдырады.
7. СУ ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ
Орналасуы
1. Электрлік су жылытқышты берік қабырғаға орнату керек.
2. Электр су жылытқышы орнатылатын қабырға сумен толық толтырылған су жылытқыштың кем
дегенде екі есе салмағына төзуі тиіс, қабырғада жарықтар және басқа да зақымданулар болмауы тиіс.
Олай болмаған жағдайда бекітуді күшейту үшін шаралар қабылдау немесе арнайы тірекке су
жылытқышты орнату қажет.
3. Егер жуынатын бөлме тым кішкентай болса, су жылытқышты тікелей күн сәулесінен жабық және
ылғал түспейтін басқа жерге орнатуға болады. Алайда, құбыржолдардағы жылу шығынын төмендету
үшін су жылытқышты орнату орны ыстық суды пайдалану орнына мүмкіндігінше жақын болуы тиіс.
4. Су жылытқыштың орналасқан жерін анықтау кезінде оған су жылытқыштың төменгі бөлігі мен
еденнің арасында кемінде 60 см, сондай-ақ жоғарғы бөлігі мен төбенің арасында кемінде 10 см
есебінен еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету керек. Бұл қажет болған жағдайда су қыздырғышқа
қызмет көрсету мен реттеуге барынша ыңғайлы мүмкіндік береді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Су жылытқыш тік қабырғаға қатаң түрде тік, қалыпта, орнатылуы тиіс. Аспапты кез келген басқа
қалыпта орнату немесе тігінен салыстырмалы түрде ауыстыру су жылытқыштың істен шығуына,

Содержание

Похожие устройства

Скачать