Sony DVP-SR760HP [35/40] Ақпарат

Sony DVP-SR760HP [35/40] Ақпарат
11
KZ
Ақпарат
Ақауларды жою
Ойнатқышты қолданғанда келесі
қиындықтар туындаса, жөндеуге өтініш
жібермес бұрын ақауларды жою
нұсқаулығын қолданыңыз. Қиындықтар
шешілмесе, жергілікті Sony сатушысына
хабарласыңыз.
Қуат қосылып тұрған жоқ.
c Тоқ сымы (қуат сымдары) дұрыс қосылып
тұрғанын тексеріңіз.
Бейне/бейне шуылы пайда
болмаса.
c Байланыс сымдарын қайта қосыңыз.
c Байланыс сымдары бүлінген.
c Теледидарға байланысын тексеріңіз,
теледидардағы кіру таңдауын қосыңыз,
сонда ойнатқыштың сигналы теледидар
экранында пайда болады.
c Диск кір болуы мүмкін.
c Ойнатқышты өшіру үшін [/1 пернесін
басыңыз, қашықтан басқару пультіндегі
сандық түймелердің көмегімен «369»
енгізіңіз, ойнатқышты қайта қосу үшін [/1
пернесін қосыңыз.
Дыбыс болмаса.
c Байланыс сымдарын қайта қосыңыз.
c Байланыс сымдары бүлінген.
c Ойнатқыш үзіліс режимінде немесе
Ақырын-Қозғалу режимінде.
c Ойнатқыш жылдам алға жылжу немесе
жылдам артқа жылжу режимінде.
Алыстан басқару құралы жұмыс
істемейді.
c Құралдағы батареялары əлсіз.
c Құрал ойнатқыштың алыстан басқару
тексергішіне бағытталып тұрған жоқ.
c Алыстан басқару құралындағы түймелерді
ретімен бассаңыз, арасында 5 секунд уақыт
болсын.
Диск ойнатылмайды.
c Диск теріс салынған.
Дискіні ойнату бетін жоғары қаратып
салыңыз.
c Диск қисық.
c Ойнатқыш кейбір дискілерді ойнатпайды.
c DVD аймақтық коды ойнатқышқа сəйкес
емес.
c Ойнатқыш іші ылғалданған.
c Ойнатқыш дұрыс аяқталмаған дискіні
ойната алмайды.
Ойнатқыш дұрыс жұмыс
істемейді.
c Тұрақты электр, т.б ойнатқыш жұмысына
кедергі келтіреді, ойнатқышты суырыңыз.
Экранда «C:13:**» көрсетіледі.
c Дискіні таза шүберекпен сүртіңіз немесе
форматын тексеріңіз.
HDMI OUT ұяшығына қосылған
кезде сурет/дыбыс шықпайды.
c «HDMI RESOLUTION» (HDMI
АЖЫРАТЫМДЫЛЫҒЫ) параметрін
«HDMI SETUP» (HDMI ОРНАТУ)
тармағынан өзгертіңіз. Мəселе шешілуі
мүмкін.
c HDMI OUT ұяшығына қосылған жабдық
аудио сигнал пішіміне сəйкес келмейді,
мұндай жағдайда «AUDIO (HDMI)»
(АУДИО (HDMI)) параметрін «HDMI
SETUP» (HDMI ОРНАТУ) тармағында
«PCM» параметріне орнатыңыз.
c Келесіні байқап көріңіз: 1 Ойнатқышты
өшіріп, қайта қосыңыз. 2 қосылған
жабдықты өшіріп, қайта қосыңыз. 3
Ажыратыңыз жəне HDMI шнурын қайта
қосыңыз.
Ойнатқыш өзіне қосылып тұрған
USB құралын анықтай алмайды.
c USB құралы ойнатқышқа мықтап
қосылмаған.
c USB құралы немесе сымы бүлінген.
c Диск режимі USB режиміне
ауыстырылмаған.
,жалғасы бар

Содержание