Galaxy GL 0591 Pink [15/25] Электр құралы тек ауыз суды қайнату үшін ғана қолданылуы керек

Galaxy GL 0591 Pink GL 0591 [15/25] Электр құралы тек ауыз суды қайнату үшін ғана қолданылуы керек
KAZ
15
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
4 ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Электр құралының қауіпсіз және тұрақты жұмысына келесі шарт-
тарды сақтау кезінде ғана кепілдік беріледі:
4.1 Ешбір жағдайда суды су деңгейінің максималды деңгейінен жоғары
және минималды деңгейінен төмен су құймаңыз. Бос электр құралын іске
қоспаңыз.
4.2 Қайнаған су егер ол асыра құйылса шәйнектен шайқалып төгілуі
мүмкін.
4.3 Электр құралы тек ауыз суды қайнату үшін ғана қолданылуы керек.
Шәйнекті ешқашан басқа сұйықтықтармен толтырмаңыз.
4.4 Шәйнекті және оның қойғышын электр плитасы секілді ыстық бетке
қоймаңыз және оны ашық оттың, тез тұтанушы сұйықтықтар мен газдардың
жанында қолданбаңыз.
4.5 Шәйнек тек штаттық қойғышпен ғана қолданылуы мүмкін. Қойғышты
басқа мақсаттар үшін қолданбаңыз.
4.6 Құралды қуат беру желісіне қосудың алдында желі параметрлерінің
220-240 В ~ 50 Гц мәніне сәйке келетіндіктеріне көз жеткізу қажет.
4.7 Шәйнекті егер оның қойғышында су болса немесе корпустан су ағу
орын алса желіге қосуға тыйым салынады.
4.8 Құралды іске қосудың алдында шәйнектің қақпағы тығыз жабық
екендігіне және шәйнектің қойғышта сенімді тұрғандығына көз жеткізіп
алыңыз.
4.9 Суды бумен күйіп қалуды болдырмау үшін тек жабық қақпақпен ғана
қайнату керек.
4.10 Құралдың ыстық беттерімен, сумен және бумен жанасуға жол
бермеңіз.
4.11 Ешқашан жұмыс істеп тұрған шәйнекті орнынан жылжытпаңыз.
4.12 Қате жұмыстың кез келген белгілері орын алған кезде шәйнекті тез
арада сөндіріңіз және ашасын розеткіден шығарыңыз.
4.13 Ашаны розеткіден шығару кезінде баусымнан тартпаңыз.
4.14 Ішінде ыстық суы бар шәйнекті жылжыту кезінде электр құралын
тұтқасынан берік ұстаңыз.
4.15 Сіз шәйнектен барлық ыстық суды ағызғаннан кейін, оған бірден суық
су құймаңыз. Бірнеше минут шәйнектің суынуын тоса тұрыңыз, және тек
сосын ғана су құйыңыз.
4.16 Электр құралының құлауын болдырмау үшін баусымды үстел жиегінен
немесе жұмыс бетінен салбыраушы күйде қалдырмаңыз.
4.17 Баусымның және құралдың бүтіндігін қадағалау қажет. Құралды
бүлінулер болған кезде қолдануға тыйым салынады.
4.18 Қуат беру баусымы бүлінген кезде қауіптерге жол бермеу үшін оны
дайындаушы немесе оның агенті, немесе аналогтік біліктік тұлға ауысты-
руы керек. Қуат беру баусымын ауыстыру қолданыстағы тарифке сай
авторландырылған сервистік орталықта жүзеге асырылады
4.19 Құралмен жұмыс істеу, сақтау және күтім жасау осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкес жүзеге асырылуы керек.
4.20 Электр құралын тазалаудың алдында немесе қолдануда ұзақ мерзімдік
үзіліс кезінде желіден ажыратып отырыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать