Samsung Jet 75 Pet VS20T7532T1 [94/128] Ақаулықты түзету

Samsung Jet 75 Pet VS20T7532T1 [94/128] Ақаулықты түзету
ҚОСЫМША
Ақаулықты түзету
Қызмет көрсету орталығына қоңырау шалу алдында, мәселені талдап, төмендегі шешімдерді қарап шығыңыз.
Ұсынылған шешімдердің біреуі де мәселені шешуге көмектеспесе, www.samsung.com сайтымызға кіріңіз немесе
Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Егер ақау табылмаса, шалған қоңырауыңыз үшін ақы
төлейтініңізді ескеріңіз.
Ақаулықтар Шешу жолдары
Шаңсорғыш жұмыс істемейді.
Батарея деңгейін тексеріңіз және батареяны зарядтаңыз.
Құрылғының сөндірулі тұрғанын тексеріңіз де, тоққа қосу үшін қуат
түймесін басыңыз.
Шаң жинайтын сауыттың немесе түтіктің бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
Жуылатын микро сүзгінің дұрыс орналастырылғанын тексеріңіз.
Шаңсорғыш ұзақ уақыт пайдаланылмаған болса, батареясын зарядтаңыз.
Батареяның қуаты біткен кезде, батареяны ауыстырыңыз.
Сору қуаты кенет азайып,
шаңсорғыштан діріл естіледі.
Шөткені, шаң сауытын немесе түтікті бөгде заттардың бітеп тастамағанын
тексеріңіз де, оларды алып тастаңыз.
Түтік пен шаң сауытына шаң толып кетпегеніне көз жеткізіңіз. Толып тұрса,
оны тазалаңыз.
Сүзгінің таза екенін тексеріңіз. Таза болмаса, сүзгіні тазалаңыз.
Шаңсорғышты зарядтауға
болмайды.
Қабырғалық аспа құралдың берілген кернеудің қабырға бекіткіштің
параметрлеріне сай екеніне көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыштың қосулы екенін тексеріңіз де, содан кейін батарея деңгейі
индикаторының жарық диодының жанып тұрғанын тексеріңіз.
Зарядтау түйіспесінде бөгде заттың (шаң) бар-жоғын тексеріңіз. Кез келген
бөгде затты мақта таяқшасымен немесе жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
Шөткенің ішіндегі айналатын
шөтке (барабан) жұмыс
істемейді.
Айналатын шөткенің кептеліп қалғанын көрсететін дисплей қосылғанда
шаңсорғышты өшіріп, шөткеге бөтен заттар кептеліп қалмағанын тексеріңіз.
Бөгде затты алып, содан кейін шаңсорғышты қайта қосыңыз.
Шаңсорғыштың тоққа қосулы екенін тексеріңіз де, содан кейін оны қайта
өшіріп, тоққа қосыңыз.
Жұмсақ шөтке, Турбо шөтке және Дымқыл шөтке үшін егер шөтке
қозғалтқышын қатты қызудан сақтайтын құрал қосылса, қозғалтқышты
салқындату үшін шамамен 30 минут қажет болуы мүмкін.
Шаңсорғыштың ауа шығатын
саңылауынан немесе
сүзгісінен иіс шығады.
Шаң жинайтын сауытты босатып, сүзгіні жиі тазалап отырыңыз.
Шаңсорғыш жаңа құрылғы болғандықтан, сатып алғаннан кейінгі
алғашқы 3 айда оның шамалы иісі болуы мүмкін.
Шаңсорғыш жиі пайдаланылған кезде, шаң сауытына жиналған қоқыс
немесе сүзгіден иіс шығуы мүмкін.
Қосалқы сүзгілерді жергілікті Samsung қызмет агенттерінен алуға болады.
Тазалау жұмысы аяқталғаннан
кейін де шөткеден аздаған шаң
қалдықтары шығады.
Тазалап болғаннан кейін шаң қалдықтарын сорғызу үшін шаңсорғышты 10
секунд немесе ұзағырақ қосыңыз.
Қазақша
30
3_VS7000_KK_00837A-01_CIS.indd 30 2020-01-17 오후 2:56:01

Содержание

Похожие устройства