Galaxy GL 0300 [15/18] Электр құралын пайдалану

Galaxy GL 0300 [15/18] Электр құралын пайдалану
KAZ
15
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
7 ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
7.1 Жұмыс тәртібі
• Қуат беру баусымын (7) толықтай тарқатыңыз;
Ескерту – Қуат беру баусымын (7) ол қандай да болмасын қыздырғыш
беттерге жанаспайтындай етіп орналастырыңыз;
• Қуат беру баусымының (7) ұзындығын қойғыштың (8) төменгі бөлігінде
орналасқан қуат беру баусымының бөлігіне орау жолымен кемітуге болады;
• Қойғышты (8) розеткіге жақын қашықтықта тегіс бетке орнатыңыз;
• Қуат беру баусымының (7) ашасын электр желісінің розеткісіне қойыңыз;
• Шәйнектің қақпағын (2) қақпақты ашуға арналған батырманы басумен
ашыңыз;
• Шәйнекке ішетін су құйыңыз. Су деңгейі судың максималды деңгейінің
белгісінен (9) жоғары болмауы керек;
• Шәйнектің қақпағын (2) жабыңыз;
• Шәйнекті қойғышқа (8) орнатыңыз;
ЕскертуЭлектр құралын қойғышқа (8) орнатудың алдында ажыратқыштың
(4) «0» (сөндірулі) күйінде тұрғандығына көз жеткізіңіз.
• Ажыратқышты (4) «І» (іске қосулы) күйіне ауыстыра отырып, құралды
іске қосыңыз, жұмыс индикаторы (6) жанады және шәйнек суды қайнатуды
бастайды;
Ескерту – Егер шәйнек бос болса, онда оны іске қосу кезінде автоматты
сөндіру іске қосылатын болады. Бұл жағдайда құралдың суынуын тосыңыз,
оған су құйыңыз және оны қайта іске қосыңыз.
• Су қайнағаннан кейін шәйнек автоматты сөнеді, ажыратқыш (4) «0»
(сөндірулі) күйіне қайтып оралады, және жұмыс индикаторы (6) сөнеді;
Ескерту – Қажет болған жағдайда ажыратқышты (4) «0» (сөндірулі) күйіне
ауыстыра отырып, Сіз құралды оның қайнауына дейін сөндіре аласыз.
Шәйнектен суды ағызу үшін, оны қойғыштан (8) алыңыз және оны
ыдыстың үстіне еңкейтіңіз.
Ескерту – Шәйнекті қойғыштан (8) алу кезінде оны беті аздап дымқыл болуы
мүмкін. Бұл шәйнекті автоматты сөндіру механизмінің іске қосылуы кезінде одан
өтетің будың біразы құралдың корпусындағы (10) арнайы саңылау арқылы
өтетіндігімен түсіндіріледі. Осылайша, қойғышта (8) аздаған мөлшердегі судың
болуы қате жұмыстың немесе өндірістік ақаудың нәтижесі болып табылмайды.
7.2 Ұсыныстар
Түзілуші қақтардың мөлшерін кеміту үшін:
• Шәйнекті әрбір қолданудан кейін барлық суды төгіңіз;
• Сумен толтырылған шәйнекті түнге қалдырмаңыз;
• Сүзіп тазартылған суды қолданыңыз.
8 САҚТАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
8.1 Тазалау және күтім жасау
8.1.1 Шәйнекке қызмет көрсетудің алдында қуат беру баусымын (7)

Содержание

Похожие устройства

Скачать