Philips GC7430 [37/92] Қазақша

Philips GC7430 [37/92] Қазақша
37

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-бетіне тіркеңіз.

Бу беру шлангісі
Тұтқа
Температураны реттеу дөңгелегі
Температура шамы
Бу шығару бекітпесі
Бу белсендіруші
Буды күшейту түймесі (тек GC7430 үлгілерінде)
Үтіктің табаны
Толтырма құбыр қақпағы
Толтырма құбыры
Үтіктің тірегі
Су ыдысы
Бу ыдысы
GC7420: Басқару панелі
Қосу/өшіру түймесі
GC7430: Басқару панелі
Тоққа қосылғандығын білдіретін жарығы бар қосу/өшіру түймесі
«Су ыдысы бос» жарығы
Бу шығару параметрін таңдау түймесі
Бу шығару жарықтары
Ток сымы
«Calc-clean» (Қақты кетіру) функциясы бар үтік ұстағышы
Тоқ сымын жинап қоятын ілмек
Calc-Clean жүйесінің қақпағы

Құрылғыны қолданбастан бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны
келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.

- Үтікті немесе бу ыдысын суға салушы болмаңыз.

- Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген кернеудің жергілікті ток көзінің кернеуіне
сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
- Егер ашасында, ток сымында, бу беру шлангісінде немесе құрылғының өзінде көзге
көрінетін зақым болса, құрылғы жерге түсіп кетсе немесе су тамшылап тұрса, оны
қолданбаңыз.
- Егер ток сымы немесе бу беру шлангісі зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін оны
Philips компаниясы, Philips компаниясы ұсынған қызмет көрсету орталығы немесе білікті
мамандар сізге ауыстырып беруі керек.
- Құрал қуат көзіне қосылып тұрса, оны бақылаусыз қалдырып кетпеңіз.
- Мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі мен тәжірибесі аз адамдар (балаларды
қоса) бұл құралды олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамның қадағалауымен немесе
құралдың қалай пайдалану жөнінде нұсқау берілген жағдайда ғана қолдануына болады.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.

4239.000.7497.1.indd 37 23-10-09 09:59
Скачать