Little Doctor LD8 [38/40] Күту сақтау жөндеу жəне өтелге шығару

Little Doctor LD8 [38/40] Күту сақтау жөндеу жəне өтелге шығару
38
KAZ
қан қысымы көрсеткіші айырмашылығы 10 мм сынап бағанасын құрайды. Күретамырдың қан қысымының əртүрлі факторларға тəуелділігі əр адамда
əрқалай болады. Сондықтан күретамырдың қан қысымы көрсеткіштерінің арнайы күнделігін жүргізген дұрыс. ТЕК ДИПЛОМЫ БАР ДƏРІГЕР ҒАНА
СІЗДІҢ КҮРЕТАМЫРЫҢЫЗДЫҢ ҚАН ҚЫСЫМЫ ӨЗГЕРІСІН КҮНДЕЛІКТЕН АЛЫНҒАН ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ АНЫҚТАЙ АЛАДЫ.
ӨЛШЕУ КЕЗІНДЕГІ ДЕНЕНІ ҰСТАУ ҚАЛПЫ
1. Күретамырдың қан қысымын өлшеген кезде столдың жанына Сіздің қолыңыз оның бетінде жататындай болып отырыңыз. Білегіңіздегі
көмкерме оралған жердің жүрек тұсы деңгейінде, ал білегіңіздің столда бос жатқанына жəне қозғалып кетпейтіндігіне көз жеткізіңіз.
2. Сіз қан қысымын шалқаңыздан жатып та өлшей аласыз. Төбеге қарап, тыныштық сақтаңыз жəне өлшеу кезінде қозғалмаңыз. Білегіңіздегі
көмкерме оралған жер
дің
жүрек тұсы деңгейінде екендігіне міндетті түрде көз жеткізіңіз.
КҮТУ, САҚТАУ, ЖӨНДЕУ ЖƏНЕ ӨТЕЛГЕ ШЫҒАРУ
1. Бұл аспапты жоғары ылғалдылықтан, тікелей түсетін күн сəулесінен, соққылардан, дірілден сақтау керек. АСПАП СУ ӨТКІЗБЕЙТІН БОЛЫП
ТАБЫЛМАЙДЫ!
2. Аспапты жылытқыш аспаптар мен ашық отқа тым жақын жерде сақтамаңыз.
3. Егер аспап ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, ішіндегі қуаттау элементтерін бөлек алып қойыңыз. Өйткені, қуаттау элементтерінен
сұйық ақса, аспапты зақымдайды. ҚУАТТАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛЫ ЖЕТПЕЙТІН ЖЕРДЕ САҚТАҢЫЗ!
4. Аспапты кірлетпей ұстаңыз, оны шаңнан қорғаңыз. Аспапты тазалау үшін құрғақ жұмсақ матаны пайдаланыңыз.
5. Аспаптың жəне оның бөлшектерінің сумен, ерітінділермен, спиртпен, бензинмен жанасуына жол бермеңіз.
6. Көмкермені өткір бұйымдардан аулақ ұстаңыз, сондай-ақ көмкермені созуға жəне сығуға болмайды.
7. Аспапты қатты соққылардан сақтаңыз жəне оны лақтырмаңыз.
8. Қажет болғанда
аспапты тек мамандандырылған ұйымдарда ғана жөндетіңіз.

Содержание