Philips GC9940 [102/262] Қазақша

Philips GC9940 [102/262] Қазақша
26 «Үтік дайын» жарығы
27 Штепсельдік ұш

Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Кеңес Пайдаланушы нұсқаулығын үтік бөлімінде сақтауға болады.

- Үтікті, бу үтігін немесе құралды суға ешқашан батырмаңыз.

- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі
кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
- Егер құралдың шанышқысы, сымы, қосыла берілетін шлангінің біреуі
немесе құралдың өзі көзге көрінетін зақым алған болса, немесе
құралды түсіріп алған болсаңыз, құралды қолданбаңыз.
- Қуат сымы немесе су жіберу шлангылердің біреуі зақымданса,
қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны Philips компаниясында, Philips
рұқсат берген қызмет орталығында немесе сондай деңгейлі маман
алмастыруы керек.
- Құрал розеткаға қосылып тұрса, оны бақылаусыз қалдырмаңыз.
- Құралды қауіпсіз түрде пайдалану жөнінде нұсқау алған, біреудің
қадағалауымен қауіпсіз пайдаланған жағдайда және құралды
пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер түсіндірілген жағдайда, осы
құралды 8 жасқа толған және одан үлкен балалар, сондай-ақ
мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз
адамдар пайдалана алады.
- Балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.
- Қосылып тұрғанда немесе суып жатқанда, үтікті, бу үтігін, қуат
сымын және берілген шлангілерді жасы сегіздегі немесе сегізге
толмаған балалардың қолы жетпейтін жерге қою керек.
- Қуат сымымен қосымша берілген шлангті үтіктің ыстық бетіне
ешқашан тигізуге болмайды.
- Қолдану барысында шаю науасынан бу шығып кетіп жатса, құралды
өшіріп, Philips рұқсат берген қызмет орталығына хабарласыңыз.

- Құрылғыны тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
- Әрдайым сымды және қосыла берілген шлангты зақымдары
жоқтығын тексеріп отырыңыз.
- Үтіктеп жатқанда немесе енді үтіктеп болғанда, тақтаның тысын
алуға болмайды. Алу үшін, құрал жеткілікті түрде суыған болу керек.
- Үтіктің табаны өте ыстық болады, тигізіп алсаңыз, теріңіз күйіп
қалуы мүмкін.
- Үтіктеп немесе буландырып болғанда, құралды тазалап жатқанда
және егер құралды шамалы уақытқа болса да қалдырып кетіп
жатқанда, қуат сымын қабырғадағы розеткадан суырып тастаңыз.
- Құрылғыны қолдану барысында қозғамаңыз.
- Құралмен өте дымқыл маталарды үтіктемеңіз.
-
Құрылғыны орнықты, тегіс және көлденең жерге қойып пайдаланыңыз.
- Құрылғыны қолданып болған бойда үстін шүберекпен, ақжаймамен
немесе басқа матамен жаппаңыз.
102

Содержание