Galaxy GL 6230 [21/24] Қызметтiк мерзiмi

Galaxy GL 6230 [21/24] Қызметтiк мерзiмi
KAZ
22
22
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Шығыс сүзгіні қақпақтың ішкі жағынан орнатыңыз. Қақпақты орнына
орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ыдыс-аяқ жуатын машинаны сүзгілер мен контейнерді тазалау
үшін қолданбаңыз. Сүзгілерді және басқа да алынбалы бөлшектерін кептіру
үшін фенді қолдануға тыйым салынады.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ
Бұйымды 0°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған ортаның температурасы
кезінде және 80%-дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында
сақтау керек. Бүлінудерді болдырмау үшін бұйымды тек зауыттық
қаптамада ғана тасымалдаңыз. Тасымалдаудан немесе төмендетілген
температурада сақтаудан кейін бұйымды оны бөлме температурасында
кем дегенде екі сағаттай ұстау керек. Бұйымды тиеу, түсіру және сақтау
кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықта мазмұндалғандардан басқа келесі
талаптарды басшылыққа алу керек:
- бұйымның бүлінуіне және / немесе оның қаптамасының бұзылуына әкеліп
соқтыруы мүмкін елеулі механикалық жүктемелерге бұйымды ұшыратуға
тыйым салынады;
- бұйымның қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың тиіп
кетулерін болдырмау қажет. Пайдалануда болған бұйымды теріс темпе-
ратурада тасымалдаудың немесе сақтауға берудің алдында бұйымда судың
жоқтығына көз жеткізу қажет. Бұйымның барлық беттері құрғақ болулары
керек. Бұйымды температураның елеулі айырмаларынан және тікелей күн
сәулелерінен қорғаңыз.
9.1 Кәдеге жарату
Бұйымды қате кәдеге жарату қоршаған ортаға орны толғысыз зиян
келтіреді.Ақаулы бұйымды сонымен бірге пайдаланылған қуат беру
элементтерін тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмаңыз. Осы
мақсаттар үшін мамандандырылған кәдеге жарату орталығына
жүгініңіз. Сіз тұрмыстық бұйымдарды, жабдықтарды және пайдаланылған
қуат беру элементтерін қайта өңдеуге қабылдаушы бекеттердің мекен-
жайларын Сіздегі елді мекендегі муниципалдық қызметтен ала аласыз.
10 ҚЫЗМЕТТIК МЕРЗIМI
Аталған бұйым осы нұсқаулықта көрсетілген барлық талаптарды сақтау
кезінде кем дегенде 3 жыл жұмыс істеуі керек. Дайындаушы сатып
алушылардың назарын бұйымды жеке мақсаттар аясында пайдалану
кезінде және осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген қолдану
ережелерінің сақталуы бұйымның осы нұсқаулықта аталған қызметтік
мерзімін айтарлықтай ұзартуы мүмкін екендігіне аудартады. Дайындау-
шы өзіне құрылымына және жиынтықтылауға бұйымның пайдаланушылық
қасиетін нашарлатпайтын өзгерістерді енгізу құқығын қалдырады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать