Samsung U Flex White (EO-BG950CWEGRU) [538/674] Bluetooth арқылы қосылу

Samsung U Flex White (EO-BG950CWEGRU) [538/674] Bluetooth арқылы қосылу
7
Қазақ тілі
Bluetooth арқылы қосылу
Bluetooth
Bluetooth туралы ақпарат
Bluetooth қысқа қашықтықтарда түрлі құрылғыларға қосылу үшін 2,4 ГГц жиілігін
пайдаланатын сымсыз технология стандарты болып табылады. Ол кабельдер арқылы
қосылмай-ақ, мобильдік құрылғылар, компьютерлер, принтерлер және басқа да
сандық тұрмыстық құрылғылар сияқты Bluetooth қосылған басқа да құрылғыларымен
байланысып, дерек алмаса алады.
Bluetooth технологиясын пайдалану бойынша
ескертпелер
•
Құлақаспабыңызды басқа құрылғыға қосқанда қиындықтар туындамауы үшін, оларды
бір-біріне жақын қойыңыз.
•
Құлақаспабыңыз бен екінші Bluetooth құрылғысы Bluetooth байланыс аясында (10 м)
болуын қамтамасыз етіңіз. Бұл қашықтық құрылғылар пайдаланылып жатқан ортаға
байланысты өзгеруі мүмкін.
•
Құлақаспап пен қосылған құрылғының арасында адамдар, қабырғалар, бұрыштар
немесе қоршаулар сияқты кедергілердің болмауын қамтамасыз етіңіз.
•
Қосылған құрылғының Bluetooth антеннасына тиіспеңіз.
•
Bluetooth технологиясы кейбір өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық және төмен
қуатты өнімдердікімен бірдей жиілікті пайдаланады және осы өнім түрлерінің
жанында байланыс орнатқанда кедергі орын алуы мүмкін.
•
Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG тарапынан тексерілмеген немесе
мақұлданбаған құрылғылар құлақаспаппен үйлеспеуі мүмкін.
•
Bluetooth мүмкіндігін заңсыз мақсаттарға (мысалы, файлдарды заңсыз көшірмелеу
немесе коммерциялық мақсаттарда басқа біреудің хабарларын тыңдау) пайдалануға
болмайды.

Содержание

Похожие устройства

Скачать