Philips GC6430 [57/140] Тез қайта толтыру

Philips GC6430 [57/140] Тез қайта толтыру


Бу ыдысын суға салушы болмаңыз.
Үтік пен бу ыдысы ыстық болғанда бу ыдысының қақпағын ашпаңыз.
1 Штепсельді розеткадан ағытыңыз.
2 Бу ыдысының қақпағын ақырындап бұрап ашыңыз (Cурет 6).
Қақпақты алған кезде дыбыс естілуі мүмкін. Бұл дыбыс бу ыдысының ішіндегі вакуумға
немесе қалдық қысымға байланысты және қалыпты жағдай.
3 Бу ыдысына су құйыңыз (ең көбінде 800 мл) (Cурет 7).
Ыдысқа кәдімгі суды құясыз.
Егер сіз тұратын жердегі судың қаттылығы өте жоғары болса, 50 % дистильденген су мен 50 %
кәдімгі суды қолдануға кеңес береміз.
Бу ыдысына иіс су, сірке суын, крахмалды, қақты кетіретін заттарды, үтіктеуді жеңілдетін
заттарды немесе басқа химиялық заттарды салмаңыз.
4 Бу ыдысының қақпағын бу ыдысының тесігіне мықтап бұрап, жабыңыз.

Егер бу бағы үтіктеп жатқанда босап қалса, төменде берілген нұсқау бойынша жылдам түрде
бу бағын толтырыңыз.
1 Құрылғыны қуат көзіне қосыңыз да, қосулы/өшірулі қосқышы «I» позициясында екеніне
көз жеткізіңіз (Cурет 8).
2 Бу шығарғышын құрылғыдан бу толығымен шыққанша басып тұрыңыз (Cурет 9).
3 Бу ыдысының қысымын түсіру үшін бу шығарғышын басып тұрып бу ыдысының
қақпағын сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бұрап ашыңыз.
Оны бұрап ашқан кезде үстіне кішкене шүберек қойыңыз. Бу ыдысында бу қалмағанына көз
жеткізіңіз.
4 Қуат кабелін розеткадан ағытып, құрылғыны шамамен 10 минут суытып алыңыз.
5 Бу ыдысын «Бу ыдысын толтыру» тарауында сипатталғандай толтырып, құрылғының
қайта қызуын күтіңіз.

Бу ыдысын әрқашанда тұрақты, тегіс әрі көлденең бетке қойыңыз. Оны үтіктеу тақтасының
жұмсақ жағына қоймаңыз.
1 Үтікті тірекке қойыңыз.
Ыстық үтікті бу беру түтігінің немесе қуат кабелінің үстіне қоймаңыз. Кабельдің үтіктің
ыстық түбіне жанаспауына көз жеткізіңіз.
2 Қажетті үтіктеу температурасын орнату үшін температураны реттеу дөңгелегін тиісті
мәнге қойыңыз (Cурет 10).
Қажетті үтіктеу температурасын киімнің күтім белгісінен қараңыз:
 57

Содержание

Скачать