Philips HR2391 [24/54] Ескерту

Philips HR2391 [24/54] Ескерту
24

Құралды қолданар алдында осы нұсқауды мұқият оқып шағыңыз, әрі болашақта қолдануға
сақтап қойыңыз.

Бұл құралмен, егер осы құралды қолдану жөнінде олардың қауіпсіздігіне жауапты адамнан
нұсқау алған болмаса немесе оның қадағалауымен қолданып жатпаған болса, физикалық
сезімталдығы төмен немесе ақылы кем адамдар, немесе білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(жас балаларды да қоса) қолдануына болмайды.
Құралмен ойнамас үшін, балаларды қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
Таразыны суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды немесе сұйықтықтың таразыға
енуінен сақ болыңыз.

Құралды әрдайым тұрақты тегіс көлбеу жерге ғана қойып қолданыңыз.
Батареяларды салып жатқанда қолдарыңыз бен құрал құрғақ болу керек.
Микротолқынды пеш немесе ұялы телефон кедергісінен, жалған салмақ көрсетуге әкеліп
соғуы мүмкін.
Ас үй таразысын қосулы тұрған микротолқын пешінен кем дегенде 1.5 метір қашықтықта
қолданыңыз, немесе микротолқын пешін сөндіріп қойңыз. (Cурет 1)
Ұялы телефонды кем дегенде 2 метр қашықтыққа қойыңыз, немесе оны сөндіріп
қойыңыз. (Cурет 2)

Осы Philips құралы Электромагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Бар ғылыми дәлелдерді негізге ала отырып, нұсқауларға сәйкес дұрыс пайдалана отырып
аспапты пайдалануға болады.

Құрал төрт АAA 1.5-вольтті батарелардан жұмыс жасайды (қосылмаған). Біз сіздерге тек
Philips PowerLife батареяларын ғана қолданыңыздар деп кеңес береміз, себебі олар ұзақ
жасайды етеді, әрі қоршаған ортаға зияны жоқ.
Бұл құралда қайта зарядталатын батарея қолдануға болмайды.

Батареяларды салып жатқанда қолдарыңыз бен құрал құрғақ болу керек.
1 Батарея орнының жабылғысын шешіңіз. (Cурет 3)
2 Батареяны батарея орнына салып, қақпағын қайтадан жабыңыз. (Cурет 4)
Батарелардың + және – жақтары керекті бағытта екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

Таразы салмақты 2 грамнан бастап жоғары қарай 1 грамдық бөлік бойынша көрсетеді.
Құрал өлшеуіш табақшасында ең көп дегенде 3 кг өлшеуге болады. Егер сіз 3 кг-нан көп
салмақ салсаңыз, ‘Err’ белгісі көрсеткіште пайда болады.

1 Таразыны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін I сәл басу арқылы қосыңыз. (Cурет 5)
Құрал 2 секундтан соң қолдануға дайын болады.
2 Салмағы өлшенетін ингредиентерді бірден өлшеуіш табақшаға салыңыз. (Cурет 6)
Салмақ бірден көрсетіледі (Cурет 7).
-
-
-
-
-
-
-
-
,
,
,
,


Содержание

Скачать