Philips FC8230 [46/116] Шаң дорбашалары

Philips FC8230 [46/116] Шаң дорбашалары

- Шаң жинағыш дорбаны дорба толық деген көрсеткіш түсі тұрақты болып өзгергенде
алмастыру керек, мәселен, саптама еденге тигізілмеген кезде де (Cурет 21).
1 Қақпақты босату ілмегін тартып (1), қақпақты ашыңыз (2) (Cурет 15).
2 Қысқыштарды ашып (1), шаң дорбасын алға қарай тартыңыз (2) (Cурет 16).
3 Картонды ілмекті жоғары қарай тартып, шаң дорбасын құралдан суырып
алыңыз. (Cурет 17)
, Шаң сорғыш автоматты түрде мөрленеді.
4 Жаңа шаң дорбасының төменгі жиегін құралдың төменгі жағындағы томпиып тұрған
бөлігінің алдына орнатыңыз (1). Шаң дорбасының картонының алдын өзіңізге қарай
тартыңыз (‘сырт’ ете түседі) (2) (Cурет 22).
Ескертпе: Егер шаң дорбасы салынбаған болса, сіз жапқышын жаба алмайсыз.
5 Жабылғыны жабыңыз.

Шаң сорғыш Clean Air HEPA ауа шығаратын сүзгісімен (қызмет көрсету коды 4222 459 48841)
жабдықталған.
Clean Air HEPA ауа шығаратын сүзгісін әр 12 ай сайын ауыстырып тұрыңыз.
1 Құралды өшіріп, розеткадан ажыратыңыз.
2 Сүзгі торының сабынан тартып (1), құралдан шығарып алыңыз (2) (Cурет 23).
3 Clean Air HEPA ауа шығаратын сүзгісін құралдан шығарып алыңыз (Cурет 24).
4 Жаңа Clean Air HEPA ауа шығаратын сүзгісін құралға салыңыз (Cурет 25).
5 Сүзгі торын құралға қайта орнатыңыз («сырт» ете түседі) (Cурет 26).

1 Құралды сөндіріп, оны тоқтан суырыңыз.
2 Тоқ сымын жинап қою үшін, тоқ сымын жинау түймесін басыңыз.
3 Құралды тігінен қойыңыз. Құралға саптамасын орнату үшін, саптама ілмегін сақтап
қоятын қармаққа енгізіңіз (Cурет 27).
Ескертпе: Телескопиялық түтікті құламайтындай етіп тұрғызу үшін түтікті барынша
қысқартыңыз.

Осы құралдың сүзгісін немесе басқа қосалқы құралын табу кезінде қиындықтар туындаса,
еліңіздегі Philips тұтынушыларға қолдау көрсету орталығымен хабарласыңыз немесе
дүниежүзілік кепілдік кітапшасын қараңыз.

- Классикалық Philips s-bag® синтетикалық шаң дорбаларына FC8021 түр нөмірі бойынша
тапсырыс беруге болады.
- Philips Clinic s-bag® жоғары фильтрациялы синтетикалық шаң дорбаларына FC8022 түр
нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады.
- Жағымсыз иіске қарсы Philips s-bag® синтетикалық шаң дорбаларына FC8023 түр нөмірі
бойынша тапсырыс беруге болады.
46

Содержание