Philips FC9176 [58/144] Қазақша

Philips FC9176 [58/144] Қазақша

Бұл тарауда құралды қолданғанда жиі кездесетін қиындықтар сипатталған. Мәселе төменде
берілген ақпарат көмегімен шешілмесе, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
1Соруқуатыжеткіліксіз.
A Шаң дорбасы толып кеткен болуы мүмкін.
- Қайта қолдануға болатын шаң дорбасын босатыңыз (тек белгілі бір түрлерде) немесе қағаз
шаң дорбасын алмастырыңыз.
B Сүзгілер кірлеп кеткен болуы мүмкін.
- Сүзгілерді тазалаңыз немесе алмастырыңыз.
C Сору қуаты төмен бағдарламаға орнатылған болуы мүмкін.
- Сору қуатын жоғарырақ бағдарламаға қойыңыз.
D Саптама, құбыр немесе шланг бітеліп қалмағандығын тексеріңіз.
- Бітеліп қалған бөлікті ажыратып, керісінше жалғаңыз (мүмкіндік болса). Шаңсорғышты қосып,
тұрып қалған затты кері бағытта сорғызу арқылы шығарып алыңыз (Cурет 45).
2Инфрақызылқашықтанбасқарупульті(текбелгілібіртүрлерде)жұмысістемейді.
A Мүмкін батареялар дұрыс байланыс бермей тұр немесе мүлдем салынбаған болар.
- Батарея орнының қақпағын алыңыз да, батареяларды қайтадан орнына итеріңіз. – және +
жақтары дұрыс бағытта екендігін тексеріңіз (Cурет 23).
B Батарея заряды таусылған болуы мүмкін.
- Батареяларды ауыстырыңыз.
3Шаңсорғыштыпайдаланғандакейдеэлектрсоққыларыналамын.
A Шаңсорғышта статикалық электр жиналған. Бөлмелердегі ауа ылғалдылығы неғұрлым төмен
болса, құрылғыда соғұрлым көп статикалық электр жиналады.
- Бұл ыңғайсыздықты азайту үшін, шлангты бөлмедегі металл заттардың (мысалы, үстелдің
немесе орындықтың аяқтары, радиатор, т.б.) жанына жиі ұстау арқылы зарядсыздандыру
ұсынылады.
- Бұл ыңғайсыздықты азайту үшін бөлмедегі ауа ылғалдылығын арттыру мақсатында бөлмеге
су қойыңыз. Мысалы, радиатордан алынған суды ыдыстарға құйып, радиаторға ілуіңізге
немесе тостағандарға су құйып, радиатордың үстіне немесе жанына қоюыңызға болады.
58

Содержание