Scarlett SC-HAS73I22 Инструкция по эксплуатации онлайн [9/18] 590740

Scarlett SC-HAS73I22 Инструкция по эксплуатации онлайн [9/18] 590740
IM020
www.scarlett.ru SC-HAS73I22
9
Қосымша қорғаныш үшін ванна бөлмесінің қорек тізбегіне 30 мА аспайтын іске қосылудың номиналды
тогы бар қорғаныш ажырату құрылғысын (ҚАҚ) орнатқан дұрыс, орнатқанда кеңес алу үшін маманға
жүгінген жөн.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының жанында шашты жайластыруға арналған заттарды бүркімеңіз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе аспапты пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл аспапты қолдануына
болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Қуат бауы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші, сервистік қызмет
немесе соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Фенмен балаларға пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Бересі жинаққа енгізілмеген керек-жарақтарды қолданбаңыз.
Фенді бауынан немесе ілге арналған ілмектен ұстап алып жүрмеңіз.
Қоректену бауы зақымдалған құралды қолданбаңыз.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
Қуат көзіне қосу сымы өткір жиектер мен ыстық заттарға тиіп тұрмауын қадағалаңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
НАЗАР:
Ауа өтетін тесіктерге шаш, шаң немесе түбіттің түспеуін қадағалаңыз.
Кіріс мен шығыс ауа өтерледі жаппаңыз қозғалтқыш және феннің жылытқыш элементтері күйіп кетуі
мүмкін.
Сақ болыңыз, жұмыс кезінде саптама қатты қыздырылады!
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ЕСКЕРТУ! Аспапты жуынатын бөлмелерге, бассейндерге және ішінде суы бар басқа ыдыстарға
жақын жерде пайдалануға болмайды.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX»
жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫСЫ
Аспап шашты кептіруге және сәндеп жатқызуға арналған
Қуат сымының орауын түгелдей жазыңыз.
Қондырмалардың бірін кигізіңіз:
ҰҢҒЫ ҚОНДЫРМА
Бұл қондырма шашты аялай кептіруге арналған.
ДӨҢГЕЛЕК ШӨТКЕ ҚОНДЫРМА
Тұлымдарды бұйралау үшін және шаштың түбін қопсыту үшін қолданылады. Сырғыта қимылдай отырып,
шаштың ұшынан бастап шөткені айналдыра шашты ораңыз. Шаштың тұлымы ысыңқырап, керекті пішінге
келуі үшін оны осы қалыпта біраз уақыт ұстаңыз.
Фенді электр желісіне жалғаңыз.
Ауа ағынының жылдамдығын ауыстырып-қосқыштың көмегімен қажетті режимді орнатыңыз.
ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ ТӘРТІПТЕР
0 өшіру;
1 жатқызылған шашты бекітуге арналған суық ауа;
2 шашты жұмсақ кептіруге немесе сәндеп жатқызуға арналған орташа жылы ауа ағыны;
3 шашты жылдам кептіруге арналған қуатты ыстық ауа ағыны.
ИОНДАУ ФУНКЦИЯСЫ
Фен концентраты торының турмалиндік жабығымен автоматты түрде түзілетін иондар кептіру барысында
кейде шаш шоғырында пайда болатын статикалық электрді бейтараптандырады. Бұдан бөлек, бұл
технология шаш күтіміне арналған препараттардың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді: шаш одан да
жатық, жұмсақ және жылтыр болады түседі.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Тазалаудың алдында электр жүйесінен фенді сөндіріп тастаңыз және оған толық суынуға мұрша беріңіз.
Қайрақты тазартқыш заттарды қолданбаңыз.
САҚТАУ
Фенге толық суынуна мұрша беріңіз және тұлға дымқыл емес екеніне көз жеткізіңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать