LG InstaView GС-Q22FTAKL — есік бөлгішінің функционалдығы мен пайдалану ережелері [66/84]

Превью страниц Страница 66 / 84
LG InstaView GC-Q22FTAKL [66/84] Есік ішіндегі есік
24
KK
Есік бөлгіші
Есіктің бөлгіші жабдықтан салқын ауаны
шығармай ұстап тұрады.
ЕСКЕРТУ
Есік бір минуттан ұзақ уақыт ашық тұрса, әр
30 секунд сайын есік дабылының дыбысы
шығады. Сол жақ есікті жаппай тұрып,
жиналмалы бөлгіштің жиналғанына көз
жеткізіңіз.
Есікке сызат түсу және ортадағы есік
бөлгішінің бұзылу қаупін азайту үшін, жабдық
есігінің бөлгішінің жиналғанына көз жеткізіңіз.
Есік ішіндегі есік ( * )
Есіктің төменгі жағындағы иінтіректі есік ішіндегі
есік ашылғанша жоғары тартыңыз.
Қосымша есіктің ішіндегі және оның
айналасындағы себеттердегі орын жеткілікті,
сондықтан тағамдарыңызды реттеп қоюға
болады.
Жәшікті қосымша есіктен алып
тастау
Қосымша есіктің ішіндегі жәшікті екі қолыңызбен
ұстап, жоғары көтеру арқылы шығарып алыңыз.
Қосымша есіктегі жәшікті қайта
орнату
Оларды алу процесінің кері тәртібімен салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
(*) бұл мүмкіндіктің сатып алынған модельге
байланысты әртүрлі болатындығын білдіреді.
Мұз генераторы
1
Мұз жасау үшін мұз науасына су құйып,
орнына салыңыз.
Мұз науасы
тетік
Мұз сақтау себеті
2
Мұзды шығару үшін, мұз науасының тетігін
сағат тілі бағытымен бұраңыз.

Содержание

Есік бөлгіші салқын ауаны ұстап тұруға көмектеседі. Есік ашық тұрғанда дабыл дыбысы шығады. Пайдалану ережелері мен мұз генераторы туралы ақпарат.

Скачать