Candy FCNE828X WIFI [19/35] Page 19

Candy FCNE828X WIFI [19/35] Page 19
KZ 18
Жалпы ескертулер
Пісіру кезінде пеш қуысында немесе есік шынысында
конденсация суы жиналуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Осы
әсерді азайту үшін, тағамды пешке салу алдында қуатты қосқаннан
кейін 10-15 минут күтіңіз. Дегенмен, пеш пісіру температурасына
жеткен кезде конденсация жойылады.
Көкөністерді ашық наудан гөрі қақпағы бар контейнерде пісіріңіз.
15-20 минуттан аса уақыт пісіргеннен кейін пеш ішінде тағамды
қалдыруға болмайды.
• ЕСКЕРТУ: Құрылғы және оның қол тиетін жерлері пайдалану
барысында қызады. Ыстық бөліктерін түртпеңіз.
ЕСКЕРТУ: тор қолданылып жатқанда, қолжетімді бөліктер ыстық
болуы мүмкін. Балаларды қауіпсіз жерде ұстау керек.
ЕСКЕРТУ: электр тоғының соғу жағдайын болдырмас үшін шамды
ауыстыру алдында құрылғыны өшіріңіз.
ЕСКЕРТУ: термиялық үзіліс құрылғысын кездейсоқ қайта
орнатудан болған қауіпті болдырмау үшін, құрылғыны таймер
сияқты сыртқы ауыстыру құрылғысымен қуаттамау керек немесе
жүйелі қосылып өшетін тізбекке жалғамау керек.
8 жастан кіші балалар құрылғыдан қауіпсіз қашықтықта ұсталуы
керек (үздіксіз бақылауда болмаса).
Балалар құрылғымен ойнамауы керек.
8 немесе одан үлкен жастағы балалар, сезім немесе ақыл-ой
қабілеті шектеулі адамдар не білімі немесе тәжірибесі жоқ
адамдар бұл құрылғыны бақылаумен немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауы берілген жағдайда ғана ықтимал қауіптер
ескерілген қауіпсіз жолмен пайдалана алады.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету бақылаусыз
балалармен орындалмауы керек.
Пеш есігінің шыныларын тазалау үшін қатты немесе абразивті
материалдарды не үшкір металл қырғыштарды пайдалануға
болмайды, себебі олар бетті сызып, шыныны сындыруы мүмкін.
Алынбалы бөліктерін алу алдында пешті өшіру керек. Тазалаған
соң, оларды нұсқауларға сәйкес қайта жинақтаңыз.
Осы пешке ұсынылған ет датчигін ғана пайдаланыңыз.

Содержание

Скачать