Alteco RH 0216 Promo [10/19] Қазақша

Alteco RH 0216 Promo [10/19] Қазақша
10
KZ
Қазақша
1. Қауіпсіздік шаралары
Электр құралын пайдалану алдында жану, электр тогымен жарақаттану қаупін азайту
және құралға зиян келтіру мүмкіндігін төмендету мақсатында барлық қажетті шаралар
қолданылуы тиіс. Бұл сақтық шаралары төменде көрсетілген тармақтарды қамтиды.
1.1 Жеке қауіпсіздік
Қорғаныш көзілдірігін қолданыңыз. Шаңдылық деңгейінің жоғары болу жағдайында
арнайы сүзгіш бетпердесін қолданыңыз.
Арнайы киімді киіңіз. Құралдың айналмалы бөліктеріне ілініп қалуы мүмкін бос киім
және әшекей бұйымдарын киюге кеңес берілмейді.
Жұмыс кезінде арнайы қорғайтын қолғап және тайғанамайтын аяқ киім кию жөн. Егер
шашыңыз ұзын болса, оларды бас киімнің астына жинау қажет.
Салауатты пайым қағидаларын басшылыққа алыңыз. Егер сіз шаршап тұрсаңыз, мас
күйінде немесе дәрілік заттың әсерінде болсаңыз құралмен жұмыс істемеңіз.
Қуат беруші кабель құралдың әрекет ету аймағынан тыс жерде болуын қадағалаңыз.
Құралды ешқашан электр қуат беру баусымынан алып тасымаңыз. Айырды розеткадан
алу үшін баусымды жұлқымаңыз. Баусымды жоғары температурадан, майлау
материалдары мен өткір шеттері бар заттардың әсерінен қорғаңыз.
Құралдың бетінде көзге көрінетін ақаулардың бар болуын, сонымен қатар барлық
функциялар мен тетіктердің дұрыс жұмыс жасауын тексеріңіз.
Егер қандай да бір бөлшектерге зақым келтірілсе, олар құралға қызмет көрсету мен
жөндеудің арнайы авторизацияланған орталығында жөнделуі немесе ауыстырылуы
тиіс.
Жұмыс кезінде Сіздің дене қалпыңыз әрдайым тұрақты әрі қауіпсіз болуы үшін тепе-
теңдікті сақтауға тырысыңыз.
1.2 Жұмыс орны.
Жұмыс орнында жинақылықтың жоқ болуы жазатайым оқиғаның пайда болу қаупін
төндіреді.
Электр тогымен жарақаттанудан абай болыңыз. Құбырлар, радиаторлар, ас үй
пештері, тоңазытқыш корпустары сияқты жерге тұйықталған құралдармен жанасудан аулақ
болыңыз.
Құралдарды балаларға қол жетімсіз жерлерде сақтаңыз. Бөгде адамдарға жұмыс
орныңызға жақындауға рұқсат етпеңіз.
Электр құралдарын тез жанатын сұйықтықтардың қасында, сондай-ақ газ немесе
жарылыс қаупі бар ортада қолдаңбаңыз.
Электр сымдар жүйесі болуы мүмкін жерде жұмыс істеу кезінде құралдың металл
бөлшектері оқшауланбаған екенін есте сақтау жөн. Жасырын сымдарға зақым келтірмеу
үшін сақ болу қажет.
Электр құралын жаңбыр астында пайдалаңбаңыз.
Электр құралын ылғалдылығы жоғары үй-жайларда қолданбаңыз.
Жұмыс орнында жарықтың жақсы түсуін қамтамасыз етіңіз.
1.3 Электр қуатын беру.
Құрал таңбалау тақтайшасындағы көрсетілген кернеумен электр желісіне қосылуы
керек. Төмен кернеуі бар тогын пайдалану құралдың шамадан тыс жүктелуіне әкелуі
Скачать