Scarlett SL-1529 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/17] 72982
IM009
15
SL-1529
• ЕСКЕРТУ! Жылдам пісіргіштегі қысым төмендегенше, қақпақты ашу үшін күш салуға тыйым салынады.
• Көже сияқты сұйық тағамдарды пісіру кезінде буды тек жылдам пісіргіш суып, клапан төмен түскеннен
кейін ғана шығарыңыз. Оны тезірек суыту үшін қақпақты дымқыл сүлгіге қоюыңызға болады.
• Бу шығып жатқан кезде қолыңызды немесе бетіңізді бу шығатын
саңылауға ешқандай жағдайда да
жақындатпаңыз.
• Тамақ пісіп жатқан кезде қақпақты ұстамаңыз.
• Аспап жұмыс істеп тұрған кезде оның үстін ештеңемен жаппаңыз.
• Аспаптың ішкі қабатын, шара мен қыздырғыш элементті таза ұстау керек.
• Күйіп қалмас үшін бетіңіз бен қолыңызды бу шығарған кезде бу шығатын саңылаудан алыс ұстаңыз жəне
жұмыс істеп
тұрғанда қақпақты ұстамаңыз.
• Температураны ұстап тұрудың ең көп уақыты 24 сағат, алайда жақсы нəтижеге жету үшін 6 сағаттан
асырмауға тырысқан жөн.
• Қысымды реттейтін тетіктің клапанының кірлеуіне жол бермес үшін оны үнемі тазалап, тексеріп тұрыңыз.
• Тағам дайындауға кірісердің алдында қысымды реттейтін тетік жабық қалыпта (CLOSE қалпында) тұруға
тиіс.
• ЕСКЕРТУ! Қақпағы
жабылмай тұрып аспапты іске қоспаңыз.
• ЕСКЕРТУ! Тамақ дайындау кезінде, аспап электр желісіне осулы тұрғанда оны жылжытпаңыз.
• Жылдам пісіргішті жылжыту үшін қақпағының тұтқасынан емес, корпусының тұтқаларынан ұстаңыз.
• Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі əсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ОРНАТУ
• Жылдам пісіргіш аспаптың жұмыс қағидаты – көтеріңкі қысым кезінде судың қайнау температурасы 100
ºС-тан жоғары болады. Осының есебінен азық-түліктерді пісіру уақыты қысқарады. Жылдам пісіргіш
аспаппен жұмыс істеген кезде аса мұқият жəне абай болыңыз.
• Жылдам пісіргіш аспаптың ішінде орауыш материалдар мен бөгде заттардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
• Тасымалдау
кезінде төмендегілердің бүлінбегенін тексеріңіз: қақпақ; корпус; қосымша керек-жарақтар.
Кез келген ақаулық анықталған жағдайда аспапты тоққа қоспаңыз; сатушыға немесе сервис орталығына
хабарласыңыз.
• Аспапты құрғақ, біртегіс əрі ыстыққа төзімді беткі қабатқа орнатыңыз.
• Аспапты жанғыш материалдардың, жарылғыш заттардың жəне өздігінен тұтанғыш газдардың жанында
орнатпаңыз.
• Аспапты газ немесе электр пештерінің, сондай
-ақ басқа жылу көздерінің қасына қоймаңыз.
• Аспапты қабырғаға немесе жиһазға тым жақын жерде орналастырмаңыз.
• Жылдам пісіргіш аспаптың үстіне ештеңе қоймаңыз.
• Жылдам пісіргіш аспапты шкафтың ішіне орналастыруға болмайды. Аспаптың қалыпты жұмыс істеуі үшін
желдету мақсатында үстіңгі жағынан кем дегенде 20 см жəне бүйір жақтарынан кем дегенде 5 см бос
кеңістікті
қамтамасыз ету қажет.
• Азық-түлікті араластырған кезде, күйдірмейтін қабаттың бүлінуіне жол бермеу үшін ағаштан немесе
пластмассадан жасалған қасықтарды пайдаланыңыз.
ЖҰМЫСЫ
• Ең бірінші кезекте шараны, қыздырғыш элементтің беткі қабатын жəне жылдам пісіргіш аспаптың ішкі
қабатын сүртіңіз.
• Шараға су құйып, азық-түлікті салыңыз. Жылдам пісіргіш аспаптың ыдысының 3/5 көлемінен асырып
толтырмаңыз. Ыстық суда бөртіп ұлғая алатын немесе көбік түзетін азық-түлікті (күріш, құрғақ көкөніс)
пісірген кезде кəстрөлдің көлемінің жартысынан асырып толтырмаңыз. Бұл
орайда азық-түлік пен судың
жалпы көлемі шараның толық көлемінің 1/5 бөлігінен аз болмауға тиіс.
• Шараны жылдам пісіргіш аспаптың ішіне салыңыз.
• Тығыздауыш жастықшаға тығыздауыш шығырды орнатыңыз.
• Шығыры бар тығыздауыш жастықшаға қақпақты кигізіңіз. 2-сурет.
• Тығыздауыш жастықшаны дұрыс қалпына орнату үшін оны оңға немесе солға бұраңыз.
• Қақпақты жабыңыз,
бұл үшін қақпақтың тұтқасындағы меңзер корпустың тұтқасындағы «CLOSE» жəне
«OPEN» жазуларының ортасында болатындай етіп, оны сағат тілінің бағытына қарсы тірелгенше
бұраңыз.
• Егер қақпақ жабылмаса, жылдам пісіргіш аспаптың жұмысы басталмайды.
• Қысымды шектеу клапанының көрсеткіші «CLOSE» жазуын көрсетіп тұратындай етіп, клапанды
орнатыңыз.
• Электр желісіне қосыңыз, содан кейін дисплейде «00 00» сандары көрінеді.
• Уақытты
жəне қысымның мəнін көрсетудің қажеті жоқ. Сіз бағдарламаны таңдаған кезде бұл параметрлер
автоматты түрде орнатылады.
• Жылдам пісіргіш аспаптың он автоматты пісіру бағдарламасы бар:
• «РИС» (күріш) 12 мен
• «ТУШЕНИЕ» (бұқтыру) 40 мен
• «СУП/КАША» (көже/ботқа) 18 мен
• «ДЕТСКОЕ МЕНЮ» (балалар мəзірі) 20 мен
• «ВЫПЕЧКА» (қамыр тағамдарын пісіру) 30 мен
•
«МЯСО» (ет) 21 мен
• «СОБСТВЕННЫЙ РЕЦЕПТ» (өз рецептім)
Содержание
Похожие устройства
- Korting OKB460CJN Инструкция по эксплуатации
- Sinbo SKS 4507 Инструкция по эксплуатации
- Severin KH 2043 Инструкция по эксплуатации
- Korting OKB460CJW Инструкция по эксплуатации
- Sinbo SKS 4511 Инструкция по эксплуатации
- Severin TO 2036 Инструкция по эксплуатации
- Korting OKB571CJN Инструкция по эксплуатации
- Sinbo SKS 4512 Инструкция по эксплуатации
- Samsung GE83MR Инструкция по эксплуатации
- Korting OKB9102CSGNPRO Инструкция по эксплуатации
- Sinbo SKS 4513 Инструкция по эксплуатации
- Gorenje GN51101AX Инструкция по эксплуатации
- Korting OKB9102CSGWPRO Инструкция по эксплуатации
- Sinbo SKS 4514 Инструкция по эксплуатации
- Loewe 69474B00 Инструкция по эксплуатации
- Sinbo SKS 4515 Инструкция по эксплуатации
- Korting OKB9102CSXPRO Инструкция по эксплуатации
- Sinbo SCO 5002 Инструкция по эксплуатации
- Loewe Equipment Board Floor Stand CID Chrome Silver Инструкция по эксплуатации
- Korting OGG1052CRN Инструкция по эксплуатации
Скачать
Случайные обсуждения