Scarlett SL-1529 Инструкция по эксплуатации онлайн [16/17] 72982

IM009
16
SL-1529
«ПАРОВАРКА» (бу қасқан), буға пісіретін үш автоматты пісіру режимі: «МЯСО» (ет), «РЫБА» (балық),
«ОВОЩИ» (көкөніс).
Керекті режимнің, мысалы, күріштің түймешігін басыңыз, тиісті индикатор жыпылықтайды да, дисплейде
пісіру уақыты көрсетіледі, содан кейін 8 рет жыпылықтағаннан кейін пісіру режимі іске қосылады да,
индикатор үздіксіз жанып тұрады.
Бағдарламаларды пайдаланудың толығырақ суреттемесі
рецепттер кітабында келтірілген.
Жұмыс аяқталғаннан кейін, 5-7 минут өткенде, бу шығып кетіп, қысым түскен кезде, қақпақтың тұтұасынан
ұстап жəне оны сағат тілінің бағытымен бұра отырып, қақпақты абайлап ашыңыз.
ЕСКЕРТУ! Қақпақты ашқан кезде, оны жылдам пісіргіш аспаптан шығатын бу сізден əрі кететіндей етіп
еңкейтіңіз.
ЕСКЕРТУ! Қақпақты ашқан кезде, тұтқышты
немесе аспаз қолғабын пайдаланыңыз.
Абай болыңыз! Қысым реттейтін тетіктен тамған тамшыларға қолыңыздың күйіп қалмауын қадағалаңыз.
«СОБСТВЕННЫЙ РЕЦЕПТ» (өз рецептім) БАҒДАРЛАМАСЫ
Бұл бағдарлама басқа тоғыз бағдарламаның уақытынан бөлек өзіңіздің пісірууақытыңызды орнату
арқылы кез келген азық-түлікті дайындауға мүмкіндік береді.
Мысалы: «Қаймақ қатып пісірілген қоян етін» дайындау уақыты 35 минутқа жуық. «СОБСТВЕННЫЙ
РЕЦЕПТ» (өз рецептім) түймешігінің жəне «+» «-» түймешіктерінің көмегімен сіз керекті уақытты 2 мен 99
минут аралығында орнатасыз.
Тамақ дайындала бастардан бұрын шамалы
уақыт өтуі мүмкін, себебі жылдам пісіргіш аспаптың ішінде
қысым айдалады.
«ПАРОВАРКА» (бу қасқан) БАҒДАРЛАМАСЫ
Бу қасқан функциясы жұмыс істеген кезде бу қасқанға арналған торды пайдалану қажет.
Торды шараға орнатыңыз, торға азық-түлікті салыңыз да, шараға су құйыңыз.
Бу қасқан функциясының үш жұмыс режимі бар: көкөніске (8 минут), етке (15 минут) жəне балыққа (10
минут) арналған.
«ОВОЩИ» (көкөніс) режимін таңдау үшін «ПАРОВАРКА» (бу қасқан) түймешігін
бір рет, «МЯСО» (ет)
таңдау үшін екі рет, «РЫБА» (балық) таңдау үшін үш рет басыңыз, бұл орайда тиісті жарықтама
индикаторы жанады.
8 рет жыпылықтағаннан кейін бағдарлама жұмыс істей бастайды.
Он бағдарламадан басқа, жылдам пісіргіш аспаптың үш қосымша функциясы бар:
«ОТСРОЧКА СТАРТА» (бастау уақытын кешіктіру), «ПОДДЕРЖАНИЕ ТЕМПЕРАТУРЫ/ ОТМЕНА»
(температураны ұстау
/болдырмау), «ПОДОГРЕВ БЛЮДА» (тағамды жылыту).
«ОТСРОЧКА СТАРТА» (бастау уақытын кешіктіру) ФУНКЦИЯСЫ
«ОТСРОЧКА СТАРТА» (бастау уақытын кешіктіру) түймешігі басылған кезде дисплейде 30 минуттық
уақыт бейнеленеді, түймешік индикаторы жанып тұрады. Əуел баста «+» түймешігін əр басқан сайын 30
минуттан қосылады. Уақыт 10 сағаттан астам кешіктірілетін етіп орнатылған кезде, «+» түймешігін əр
басқан сайын 1 сағаттан қосылады. Уақытты кешіктірудің ең үлкен мəні 24 сағатты құрайды.
Тамақ дайындау уақытын қаншаға
шегіндіргіңіз келсе, сол уақытты орнатыңыз. Керекті бағдарламаны
таңдаңыз да, 8 рет жыпылықтауын күтіңіз, содан кейін аспап автоматты түрде жұмыс істей бастайды да,
кері уақыт санағы іске қосылады. Кері санақ аяқталғаннан кейін таңдалған бағдарлама орындала
бастайды.
«ПОДДЕРЖАНИЕ ТЕМПЕРАТУРЫ/ ОТМЕНА» (температураны ұстау/болдырмау) ФУНКЦИЯСЫ
Қажет болға жағдайда, «ПОДДЕРЖАНИЕ ТЕМПЕРАТУРЫ/ ОТМЕНА» (температураны ұстау/болдырмау)
түймешігін басу арқылы сіз тамақ дайындау үдерісін тоқтата аласыз.
«ПОДДЕРЖАНИЯ ТЕМПЕРАТУРЫ» (температураны ұстау) функциясы автоматты түрде жұмыс істейді
де, тек тамақ дайындау аяқталғаннан кейін ғана іске қосылады.
Температураны ұстап тұрудың ең көп уақыты 24 сағатты құрайды; бұл орайда жылдам пісіргіш
аспаптың
ішіндегі температура 60 ºС мəніне дейін жетеді.
«ПОДОГРЕВ БЛЮДА» (тағамды жылыту) ФУНКЦИЯСЫ
Бұл функция суық тамақты жылдам жылыту үшін қажет.
Бұрын дайындалған тағамды жылдам пісіргіш аспаптың шарасына салыңыз да, «ПОДОГРЕВ БЛЮДА»
(тағамды жылыту) түймешігін басыңыз, бағдарлама жылыту үшін керекті уақытты автоматты түрде
орнатады – 10 минут.
ЖЫЛДАМ ПІСІРГІШ АСПАПТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Пісіру, буға пісіру, бұқтыру жəне қамырдан тағам пісіру сияқты көп функциялы бағдарламалар.
Бүкіл үдерістің автоматты түрде басқарылуы.
Тамақ дайындауды бастау уақытын кейінге қалдыру.
Пайдалы жұмыстың жоғары жылу коэффициенті, қуатты 60% жəне уақытты 70% үнемдейді.
Тағамның нəрлі заттектері мен дəмін сақтауға, сондай-ақ оны жұмсартуға арналған түгелдей тұмшаланған
бітеу
құрылма.
Жылдам пісіргіш аспаптың шарасы оңай тазартылады жəне түбін күйдірмейтін қосарлы қабаты бар, жəне
тот баспайтын болаттан жасалған корпусы ұзаққа төзімді келеді.
Сенімді қорғағыш құрылғылар:
- Қақпағын ашып-жабуға арналған қорғағыш құрылғы.
- Қысымды бақылау құрылғысы. Будың қысымы шекті мəннен асыра шығарылған кезде, бу шығарылады
да, жылдам пісіргіш аспаптың
ішіндегі қысым қалыпқа келеді. Егер ішінде тым көп қысым түзілген
жағдайда, қақпағы ашылмайтын болады.