Sony VGP-WMS21/P Pink [2/2] Ақауларды жою

Sony VGP-WMS21/P Pink [2/2] Ақауларды жою
Қазақ тілі
Өнім атауы: Сымсыз лазер тінтуір
ЕСКЕРТУ
Өрт шығу немесе ток соғу қаупін азайту үшін құрылғыны
жаңбырдың немесе ылғалдың әсер етуінен сақтаңыз.
Ток соғуының алдын алу үшін қорапты ашпаңыз. Тек
қызмет көрсету мамандарына жүгініңіз.
Иесіне арналған жазба
Үлгі нөмірі мен сериялық нөмірлер тінтуірдің батарея бөлігі ішінде орнатылған.
Сериялық нөмірін төменде берілген орынға жазыңыз. Осы құрылғыға қатысты
мәлімет үшін Sony дилеріңізге мына нөмір арқылы хабарласыңыз.
Үлгі № VGP-WMS21
Сериялық № ________________
Қауіпсіздік мәліметі
Оптикалық әйнектерге тура қарамаңыз. Лазер сәулесі көзге зақым келтіруі
мүмкін.
Келесі жағдайларда қуатты өшіріп, пайдалануды жалғастыру алдында
техникалық маманға тексертіңіз.
тінтуірге су немесе бөгде заттар енгенде.
тінтуірден түтін шыққанда.
әдеттен тыс шу немесе иіс шыққанда.
тінтуірді түсіріп алғанда немесе тінтуірдің сырты бұзылғанда.
Тінтуірді келесідей орындарға қоймаңыз:
орнықсыз бетке
өте ылғал немесе желдетілмейтін жерге
аса шаңды жерге
күн сәулесі тура түсетін немесе өте ыстық жерге
механикалық діріл немесе соққы тиетін жерге
майлы булар бар жерге
Егер тінтуір салқын жерден тікелей жылы жерге әкелінген болса немесе өте
ылғал бөлмеге қойылса, тінтуір ішіндегі ылғал ұлғаяды. Мұндай жағдайда
тінтуір дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Сымсыз қабылдағышты және батареяны балалардан аулақ ұстаңыз.
Құрғақ батареяларды пайдалану бойынша сақтық
шаралары
Сақтандыру:
Батарея қате ауыстырылғанда жарылыс қаупі орын алады. Өнімді өндірушінің
дәл ұсынатын немесе оған балама түрімен ауыстырыңыз.
Пайдаланылған батареяларды өндірушінің нұсқауларына сәйкес қолданыстан
шығарыңыз.
Егер батарея сұйықтығы ақса:
батарея сұйықтығын тікелей ұстамаңыз. Егер батарея сұйықтығы көздеріңізге,
теріңізге немесе киіміңізге жұқса, таза сумен жақсылап шайыңыз. Егер теріңіз
қабынса немесе жарақаттанса, дереу дәрігерге қаралыңыз.
батарея бөлігін мұқият сүртіңіз және жаңа батареяларды енгізіңіз.
Пайдаланылған батареяларды дұрыс және тиісті жерге тастаңыз. Кейбір
аймақтарда, тұрмыстық немесе іскерлік қалдықтарға пайдаланылған
батареяларды тастау рұқсат етілмейді. Сәйкес қалдықтарды жинау жүйесін
пайдаланыңыз.
Қуаты біткен, жарамсыз батареялар сұйықтығы ағуы немесе отта жарылуы
мүмкін.
Бөлшектемеңіз, 60 ˚C жоғары температурада қыздырмаңыз немесе өртемеңіз.
«Техникалық нұсқаулық» ішіндегі «Қуатты пайдалану талаптарына» сәйкес
батареялардың пайдаланылатындығын тексеріңіз.
Батареяларды +/– бағдарын дұрыс енгізіңіз.
Батарея қуаты біткенде немесе ұзақ уақыттан кейін тінтуірді тастағыңыз
келгенде батареяларды алып тастаңыз.
Батарея металының қысқа тұйықталуының алдын алыңыз немесе оны кез келген
сұйықтықпен, мысалы, су, кофе немесе шырынмен ылғалдамаңыз.
Сымсыз тінтуірге арналған
Бұл тінтуір CLASS 1 LASER PRODUCT ретінде санатталады және IEC/EN
60825-1(2007) лазерлік өнімдердің қауіпсіздік шараларының стандартына сәйкес
келеді.
Сақтандыру : осы жабдықты жөндеу мен оған техникалық қызмет көрсетуді тек
Sony техникалық маманы орындауға тиісті. Дұрыс емес жөндеу және пайдалану
қауіпті қатерді тудыруы мүмкін.
Сақтандыру : осы нұсқаулықтан тыс берілген басқару және реттеу құралдарын
пайдалану немесе тәртіптерді орындау қатерлі радиациялық жарылысты
тудыруы мүмкін.
Келесі стикерді жабдықтың төменгі жағынан көресіз.
Пайдалану шарттары
Кейбір жағдайларда немесе аумақтарда, сымсыз байланыс технологиясын
пайдалануға ғимарат немесе ұйым иесімен шектеу қойылады, мысалы
ұшақтарда, ауруханаларда немесе басқа құралдарды пайдалану зиянды болып
табылатын кері әсерлерді тудыратын басқа аумақтарда.
Егер пайдалану саясаты тек арнайы ұйымға немесе аумаққа арналған болса,
сымсыз байланыс технологиясын қосуға құқық сұрауын өтінеміз.
Дәрігеріңізге немесе жеке медициналық құралдар (кардиостимулятор, есту
құралдары, т.б.) өндірушісіне сымсыз байланыс технологиясын пайдалану
бойынша кез келген шектеулер жөнінде хабарласыңыз.
Ұшақтарда сымсыз байланысты пайдалану мүмкіншіліктерінің шектеулерін
тексеріңіз және оларды құрметтеңіз.
Егер сымсыз функцияларды ұшақтарда пайдалануға тиым салынатын болса,
міну алдында құрылғыдағы қуатты OFF күйіне қойыңыз. Радиотолқындар
аэроқұрылығылардың дұрыс жұмыс істемеуіне әкеліп, нәтижесінде ауыр апаттар
орын алуы мүмкін.
Норвегия: осындай радио толқынды жабдықты пайдалану Шпицбергендегі Ny-
Ålesund орталығынан 20 км радиус географиялық аумақта рұқсат етілмейді.
Қызмет мерзімі біткен электр және
электрондық жабдықты залалсыз жою
(бағыттама қалдықтарды бөлек жинау
жүйелері жұмыс істейтін Еуроодақ және
басқа еуропа елдерінде қолданылады)
Құрылғыдағы немесе оның орамындағы
бұл белгі бұл құрылғыны басқа тұрмыстық
қалдықтармен бірге залалсыз жоюға
болмайтынын білдіреді.
Пайдаланылған қоректену элементтерін
залалсыз жою (қалдықтарды бөлек жинау
жүйелері жұмыс істейтін Еуроодақ
елдерінде және басқа еуропа елдерінде
қолданылады)
Бұл белгі құрылғымен бірге жеткізілетін
қоректену элементін басқа тұрмыстық
қалдықтармен бірге залалсыз жоюға болмайтынын
білдіреді.
Қазақстан Республикасы жерінде тұтынушылардан кінәрат-талаптар
қабылдайтын ұйым
ЗАО «Сони Электроникс»
Представительство в Казахстане
050059 Алматы, улица Иванилова, д. 58
050059 Алматы қаласы, Иванилов көшесі, 58 үй
Дайындаушы: Сони Корпорейшн Мекен-жайы: 1-7-1 Конан, Минато-ку,
Токио 108-0075, Жапония
Бұл өнім Жапонияда немесе Қытайда шығарылған. Шығарылған
мемлекеті немесе аймағы өнімде не қорапта көрсетілген.
Пайдалану алдында
Сымсыз тінтуір USB порттары бар және алдын ала орнатылған
Windows 8, Windows 7, Windows Vista немесе Windows XP (SP2 және т.б.)
операциялық жүйелері бар дербес компьютерлермен пайдалану үшін
құрылған.
Пайдаланылмайтын кезде өзіңізбен бірге оңай алып жүруге ыңғайлы
болу үшін қабылдағышты тікелей сақтау орнында сақтауға болады.
Ескертпелер
Жоғарыда көрсетілген жүйе талаптарына сәйкес келетін барлық
компьютерлердің жұмыс істейтініне кепіл берілмейді.
Қолдан жиналған компьютерлер, атаусыз компьютерлерге және жаңартылған
операциялық жүйесі мен мультижүктеу жүйесі бар компьютерлердің жұмыс
істейтініне кепілдік берілмейді.
Бөліктер атаулары
Сымсыз тінтуір
Оң жақ түйме
Дөңгелек түймешік
Сол жақ түйме
Оптикалық
әйнектер
Іске қосу түймесі
Күй көрсеткіш жарығы
Сымсыз қабылдағыш
Дайындау
Батареяны тінтуірге енгізу
1 Тінтуірдің төменгі жағында орналасқан қуатты OFF
күйіне қойыңыз.
2 Батарея бөлігінің қақпағын ашып, берілген LR6 (AA
өлшемді) батареяны дұрыс + - бағдарда енгізіңіз.
3 Батарея бөлігі қақпағын жабыңыз.
Батареяны ауыстыру
Қызғылт сары түсті жыпылықтаған күй жарығы батарея қуатының
төмендеуін білдіреді. Ол пайда болғанда батареяны ауыстырыңыз.
Тінтуірді пайдаланбаған кезде, қуатты OFF күйіне қойыңыз. Бұл
батареяның пайдалану мерзімін ұзартады.
Тінтуірді қабылдағышқа қосу
Нұсқау
Тінтуірді берілген қабылдағышпен бірге пайдаланыңыз. Тінтуір қабылдағыштың
басқа ешбір түрімен қосылмайды.
1 Қабылдағышты компьютердің USB портына енгізіңіз.
USB портына қосу кезінде «
» белгісі бар USB портына қосыңыз.
2 Тінтуірдің қуат қосқышын ON күйіне қойыңыз.
Күй жарығы жасыл болып жанады (шамамен 6 сек.).
3 Тінтуірді жылжытыңыз. Егер экраныңыздағы көрсеткі
дұрыс жылжыса, бұл қосылу аяқталғанын білдіреді.
Тінтуірді пайдалануды тоқтату үшін
Қабылдағышты компьютердің USB портынан ажыратыңыз.
Компьютерді іске қоспай қабылдағышты ажырата және қоса аласыз.
сөзкөмек
Дербес компьютеріңізді тасымалдау кезінде қабылдағышты дербес компьютерден
ажыратыңыз.
Қабылдағышты тінтуірде сақтау үшін
Қабылдағышты тінтуірдің батарея бөлігінің қақпағында сақтауға болады.
Пайдалану нұсқаулары
Лазер сенсорының сипаттамаларына байланысты тінтуір таза беттерде
немесе беті таза тінтуірге арналған кілемшеде дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін. Мұндай материалдарды пайдаланбаңыз немесе лазер
сенсорлы тінтуірге сәйкес келетін сатылымда бар тінтуірге арналған
кілемшені пайдаланыңыз.
Тінтуір қабылдағыш айналасында 10 м радиуста қалыпты әрекет ете
алады. Пайдалану аумағына байланысты кейде пайдалы арақашықтық
қалыпты әрекеттің алдын алатын көрінерлік қысқа болуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда келесі амалдарды орындаңыз:
тінтуірді басқа сымсыз құрылғылардан мүмкіндігінше алыс
пайдаланыңыз.
тінтуірді қабылдағышқа жақын пайдаланыңыз.
сөзкөмек
Қажет болса, тінтуір көрсеткіш жылдамдығын «Тінтуір сипаттары» параметрінен
реттей аласыз.
«Тінтуір қасиеті» тармағын Windows 8 операциялық жүйесімен көрсету үшін
жұмыс үстелін көрсетіп, шебер түймелерді ашыңыз, одан кейін «Параметрлер» -
«Басқару тақтасы» - «Жабдық және дыбыс» - «Тінтуір» тармағын таңдаңыз.
«Тінтуір сипаттары» параметрін Windows 7 операциялық жүйесімен көрсету үшін,
«Жабдық және дыбыс» параметрін таңдап, содан кейін «Басқару тақтасы» ішіндегі
«Тінтуір» терезесін басыңыз.
«Тінтуір сипаттары» параметрін Windows Vista және Windows XP амалдық
жүйесімен көрсету үшін, «Басқару тақтасы» ішіндегі «Тінтуір» терезесін басыңыз.
(Егер Windows XP амалдық жүйесін пайдалансаңыз, «Классикалық көрініс» күйіне
ауысыңыз.)
Тінтуірдің сыртқы бөлігін тазалау
Тінтуірді тазалаған кезде батареяның алынғандығын тексеріңіз.
Тінтуірдің сыртын жұмсақ, құрғақ матамен тазалаңыз. Абразивті
матаның, тазалау ұнтағының немесе еріткіштің (мысалы, спирт немесе
бензин) ешқандай түрін қолданбаңыз.
Техникалық талаптар
Сымсыз тінтуір
Түймешіктер / дөңгелектер
2 түймешік / 1 дөңгелек
Трекинг амалын орнату
Лазерлік сенсор
Көрініс беті
300 нүкте/см (800 нүкте/дюйм)
Қуат талаптары
LR6 (AA өлшемді) батарея
Байланыс арақашықтығы
көру сызығының 4 м макс *
Өлшемдер
Шамамен 53,0 (е) × 31,0 (ұ) × 112,0 (к) мм
Масса
Шамамен 71 г (батареяны қосқанда)
Сымсыз қабылдағыш
Интерфейс USB
Өлшемдер
Шамамен 13,8 (е) × 5,4 (ұ) × 17,9 (к) мм
Масса
Шамамен 2 г
Әр түрлі нышандар
Байланыс әдісі Сандық сымсыз тасымалдау **
Жиілілік диапазоны
2,4 ГГц
Батареяның қолдану мерзімі
Шамамен 4 ай (сілті батареясы) ***
Әрекет ету температурасы
5 °C пен 35 °C арасы
(температура градиенті 10 °C/сағ. төмен)
Әрекет ету ылғалдылығы
20%-дан 80% дейін (конденсацияланбаған),
ылғалдылығы 35 °C температурада 65%
деңгейінен төмен болатын шартпен
(гигрометр 29 °C деңгейінен төмен мәнді
көрсетеді)
Әрекет ету температурасы
-20 °C мен +60 °C аралығы
(температура градиенті 10 °C/сағ. төмен)
Әрекет ету ылғалдылығы
10% бен 90% арасында (конденсацияланбаған),
ылғалдылық 60 °C температурада 20%
деңгейінен төмен болатын шартпен
(гигрометр 35 °C деңгейінен төмен мәнді
көрсетеді)
Қосымша жабдықтар
Сымсыз қабылдағыш (VGP-WRC7)
LR6 (AA өлшемді) сілтілі батарея
Қолдану нұсқаулары (осы құжат)
* Бұл бағалау аптасына бес күнде, күніне бес сағат пайдалануға
негізделген. Пайдалану аумағына байланысты олар әртүрлі болуы
мүмкін.
** Бұл құрылғы сымсыз LAN және BLUETOOTH
®
байланыстарын
қолдамайды.
*** Байланыс ауқымы қабырғалардың немесе басқа кедергілердің
құрылғылар арасында, қабырғаларда пайдаланылған
материалдарға, радио жиілілігінің кедергілеріндей басқа
аймақтық жағдайларға және пайдаланылып жатқан
бағдарламалық жасақтамаға байланысты әртүрлі болады.
Өңдеуі және техникалық талаптары алдын ала хабарландырусыз
өзгертілген болуы мүмкін.
Тінтуірдің өндірілген күнін анықтау
Батарея бөлігіндегі стикерде берілген бірінші үш сандық нөмір өнімнің
шығарылған күнін келесі пішімде көрсетеді;
YMMЗXXXXX
Y: өнімнің шығарылған жылы (жылдың соңғы саны).
Мысалы, 2012 = 2, 2013=3
MM: айы (01 - 12). Мысалы, қаңтар = 01
XXXXX: сериялық нөмірі
Ақауларды жою
Бұл бөлімде шешімін таба алмасаңыз, Sony ресми дилеріне
хабарласыңыз.
Тінтуір түймешігін басқан кезде ешқандай әрекет
орындалмайды.
Қабылдағыш USB портына дұрыс қосылмаған.
Барлық бағдарламаларды жабыңыз, содан кейін қабылдағышты
компьютерге қайта қосыңыз.
Операциялық жүйе сәйкес келмейді.
Қолданылатын операциялық жүйені пайдаланыңыз.
USB порты қол жетімсіз.
Дербес компьютеріңіздің «Жүйе сипаттары» параметрін тексеріңіз.
Тінтуірдің батарея қуаты таусылған.
Тінтуір қосылғанда күй шамы жанбаса, батареяны ауыстырыңыз.
Қосымша мәлімет үшін «Дайындау» бөлімінен қараңыз.
Тінтуір мен қабылдағыш байланыспауда.
Дұрыс байланыс мүмкіндігін тексеру үшін «Дайындау» қадамдарын
орындаңыз.
Кейбір әрекет ету аумақтарында пайдалы арақашықтық қалыпты
әрекеттің алдын алатын көрінерлік қысқа болуы мүмкін. Мұндай
жағдайда тінтуірді басқа компьютерлер және дисплейлер сияқты басқа
электрондық құрылғылардан аулақ пайдаланыңыз.
Тінтуір қабылдағыштан тым алыс тұрса, байланысу мүмкін емес. Тінтуір
мен қабылдағышты жақын орналастырыңыз.
Тінтуірде 2,4 ГГц сымсыз LAN аумағында байланысу қиындықтары болуы
мүмкін.
Тінтуірді сымсыз құрылғылардың әсер етуі төмен орында пайдаланған
дұрыс.
Айналдыру мүмкіндіктері жұмыс істемейді.
Операциялық жүйе сәйкес келмейді.
Қолданылатын операциялық жүйені пайдаланыңыз.
Пайдаланып жатқан бағдарламаңыз айналдыру мүмкіндіктерімен
үйлеспейді.
Айналдыру функциясы айналдыру мүмкіндіктерін пайдаланатын
бағдарламалармен ғана орындалады.
Кейбір бағдарламаларда айналдыру функциялары қолдау көрсетпейді.
Қабылдағыш орнатылғаннан кейін компьютер қуат сақтау күйінен қалыпты
күйге ауысты.
Қабылдағышты USB портынан ажыратыңыз, бірнеше секунд күтіп, содан
кейін оны қайта қосыңыз.
Көрсеткіш тінтуірді қозғаған кезде жылжымайды.
Windows немесе басқа бағдарламалық жасақтамамен орындау процесі
тінтуірді уақытша ажыратуы мүмкін. Аяқтауды орындау үшін тінтуірді
пайдаланбас бұрын біраз күте тұрыңыз.
Жеке компьютердің операциялық жүйесінде бірнеше пайдалы шешімдерді
таба аласыз. Дербес компьютерге берілген нұсқаулықтарды қараңыз.
«Тінтуір түймешігін басқан кезде ешқандай әрекет орындалмайды»
бөлімінен де қараңыз.
Тінтуір көрсеткіші экранда тегіс жылжымайды.
Лазер сенсорының сипаттамаларына байланысты тінтуір таза беттерде
немесе таза беті бар тінтуірге арналған кілемшеде дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін. Сондай материалдарды қолданудан аулақ болыңыз. Сатылымда бар
тінтуірдің кілемшесі ұсынылған лазерлік сенсорлы тінтуірге сәйкес келеді.
Лазер сенсорының сипаттамаларына байланысты, тінтуірдің астына шаң
жабысса, тінтуір дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Бұл жағдайда, шаңды
құрғақ мақта матамен сүртіңіз. Қате жұмыс істеуге әкелетін оптикалық
әйнектерге сызат түсуінің алдын алу үшін, мұқият сүртіңіз.
Компьютердің қуат сақтау күйінен тінтуірдің көмегімен
шығу орындалмайды немесе ол көп уақытты алады.
Пернелер тақтасындағы кез келген пернені немесе қуат түймешігін
басыңыз.
Компьютерді қосқанда тінтуірдің қосылмағандығы туралы
қателік хабарлама пайда болады.
Осы хабарламаны қайта көрсетпеңіз ұяшығында құсбелгі қойып, содан
кейін «OK» басыңыз.
Қуат сақтау күйінен қайта оралған соң тінтуір тегіс
жылжымайды.
Қабылдағышты USB портынан ажыратыңыз, бірнеше секунд күтіп, содан
кейін оны қайта қосыңыз.
Қабылдағышты қосқан соң, тінтуірді пайдалануға дейін
біраз уақыт кетеді.
Компьютер Windows, басқа бағдарламалық жасақтамадан немесе басқа
USB құрылғысынан тапсырмаларды орындап жатқанда қабылдағыш
қосылмаса, қабылдағышты анықтауға компьютер үшін біраз уақыт қажет.
Тауар белгілері және ескерту
VAIO – Sony Corporation тауар белгісі.
Microsoft, Windows және Windows Vista атаулары Америка штаттарында
және/немесе басқа мемлекеттерде Microsoft Corporation тауар белгісі
ретінде тіркелген.
Осы нұсқаулықта Microsoft
®
Windows
®
XP Home Edition және Microsoft
®
Windows
®
XP Professional бағдарламалары Windows XP жүйесіне қатысты
болып табылады.
Осы нұсқаулықта Microsoft
®
Windows Vista
®
Home Basic, Microsoft
®
Windows Vista
®
Home Premium, Microsoft
®
Windows Vista
®
Business және
Microsoft
®
Windows Vista
®
Ultimate бағдарламалары Windows Vista
жүйесіне қатысты болып табылады.
Осы нұсқаулықта Microsoft
®
Windows
®
7 Ultimate, Microsoft
®
Windows
®
7
Professional, Microsoft
®
Windows
®
7 Home Premium, Microsoft
®
Windows
®
7 Home Basic немесе Microsoft
®
Windows
®
7 Starter бағдарламалары
Windows 7 жүйесіне қатысты болып табылады.
Осы нұсқаулықта Microsoft
®
Windows
®
8 және Microsoft
®
Windows
®
8 Pro
атаулары Windows 8 жүйесіне сілтеме жасайды.
Жүйелердің, құрылғылардың және қызметтердің барлық басқа атаулары
өздерінің сәйкес иеленушілерінің сауда белгілері болып табылады. Осы
нұсқаулықта ™ немесе
®
белгілері көрсетілмеген.
http://www.sony.net/
Bизнaчeння дати виготовлення миші
Tpи пepші цифpи cepійного номepa нa eтикeтці, pозміщeній вcepeдині
відсіку для бaтapeйок, вкaзyють нa дату виготовлення, як опиcaно нижчe;
PMMЗXXXXX
P: рік виготовлення (остання цифра року),
напр.: 2012=2, 2013=3
MM: місяць (01–12), напр.: січень=01
XXXXX: Серійний номер
Пошук та усунення несправностей
Якщо вирішення проблеми в цьому розділі відсутнє, зверніться в
авторизований пункт продажу компанії Sony.
Нічого не відбувається під час натискання кнопки миші.
Приймач неправильно підключений до USB-порту.
Закрийте всі програми та знову підключіть приймач до комп’ютера.
Операційна система несумісна.
Використовуйте підтримувану операційну систему.
USB-порт недоступний.
Перевірте властивості системи комп’ютера.
Закінчився заряд батарейки миші.
Якщо миша ввімкнена, а індикатор стану не світиться, замініть батарейку.
Додаткові відомості див. у розділі «Підготовка».
Немає зв’язку між мишею та приймачем.
Виконайте кроки, наведені в розділі «Підготовка», щоб упевнитися в
можливості правильного зв’язку.
За певних обставин відстань дії може бути помітно меншою, що
позбавляє можливості нормальної роботи. У такому випадку
використовуйте мишу на більшій відстані від інших електронних
пристроїв, наприклад комп’ютерів і дисплеїв.
Якщо миша перебуває надто далеко від приймача, зв’язок між ними
неможливий. Розмістіть мишу ближче до приймача.
Може виникнути проблема з’єднання миші в середовищі з безпроводовою
локальною мережею 2,4 ГГц.
Найкраще використовувати мишу в місцях із низьким рівнем перешкод
від безпроводових пристроїв.
Функція прокручування не працює.
Операційна система несумісна.
Використовуйте підтримувану операційну систему.
У програмі, що використовується, не передбачена функція прокручування.
Функція прокручування доступна лише у програмах, що її
використовують.
Деякі програми не підтримують функції прокручування.
Після встановлення приймача комп’ютер повернувся у звичайний режим із
режиму збереження енергії.
Від’єднайте приймач від USB-порту, зачекайте кілька секунд і підключіть
його знову.
Курсор не рухається під час рухів мишею.
Під час роботи ОС Windows або іншого програмного забезпечення миша
може тимчасово вимикатися. Зачекайте деякий час, поки не завершиться
процес обробки, щоб знову використовувати мишу.
В інструкціях з експлуатації комп’ютера можна знайти корисні поради для
вирішення проблем. Для отримання докладніших відомостей ознайомтеся
з посібниками, що надаються з комп’ютером.
Також див. розділ «Нічого не відбувається під час натискання кнопки
миші».
Вказівник миші на екрані рухається не плавно.
Через особливості лазерного сенсора миша може не працювати належним
чином на прозорих поверхнях або на килимках із гладкою поверхнею.
Уникайте використання миші на подібних матеріалах. Рекомендовано
використовувати наявні в продажу килимки, сумісні з мишею з лазерним
сенсором.
Через особливості її лазерного датчика, миша може не працювати
належним чином, якщо пил пристане до її нижньої частини. У такому разі
приберіть пил за допомогою сухої ватної палички. Протирайте обережно,
щоб не подряпати лінзу, що може спричинити несправність.
Не вдається вивести персональний комп’ютер режиму
енергозбереження за допомогою миші, або вихід триває дуже
довго.
Натисніть будь-яку клавішу на клавіатурі.
Після увімкнення комп’ютера з’являється повідомлення про
помилку, у якому сказано, що миша не підключена.
Установіть прапорець біля пропозиції не виводити це повідомлення знову
та натисніть кнопку ОК.
Миша рухається не плавно після виходу комп’ютера з режиму
енергозбереження.
Від’єднайте приймач від USB-порту, зачекайте кілька секунд і підключіть
його знову.
Після підключення приймача проходить деякий час, перш ніж
можна використовувати мишу.
Якщо приймач підключено, коли комп’ютер обробляв команди ОС
Windows, іншого програмного забезпечення або іншого USB-пристрою,
для виявлення комп’ютером приймача може знадобитися деякий час.
Товарні знаки та застереження
VAIO є товарним знаком Sony Corporation.
Microsoft, Windows та Windows Vista є зареєстрованими товарними
знаками Microsoft Corporation у США та/або інших країнах.
У цьому посібнику операційні системи Microsoft® Windows® XP Home
Edition та Microsoft® Windows® XP Professional називаються Windows XP.
У цьому посібнику операційні системи Microsoft® Windows Vista® Home
Basic, Microsoft® Windows Vista® Home Premium, Microsoft® Windows Vista®
Business і Microsoft® Windows Vista® Ultimate називаються Windows Vista.
У цьому посібнику операційні системи Microsoft® Windows® 7 Ultimate,
Microsoft® Windows® 7 Professional, Microsoft® Windows® 7 Home Premium,
Microsoft® Windows® 7 Home Basic і Microsoft® Windows® 7 Starter
називаються Windows 7.
У цьому посібнику Microsoft® Windows® 8 і Microsoft® Windows® 8 Pro
називаються Windows 8.
Усі інші назви систем, виробів та служб є товарними знаками їхніх
відповідних власників. У цьому посібнику знаки ™ або ® не вказуються.

Содержание

Скачать