LG 60LA741V [96/204] Орнатупроцедурасы

LG 60LA741V [96/204] Орнатупроцедурасы
12

ОРНАТУ ПРОЦЕДУРАСЫ / ЖИНАУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ

y
Көрсетілген бейне теледидарда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
y
Теледидардың экрандық дисплейі нұсқаулықта көрсетілгеннен сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
y
Бар мәзірлер мен опциялар сіз қолданатын кіріс көзінен немесе өнім үлгісінен өзгешелеу болуы мүмкін.
y
Болашақта бұл теледидарға жаңа мүмкіндіктер қосылуы мүмкін.
y
Тұтынылатын қуат мөлшерін азайту мақсатында теледидарды күту режиміне қоюға болады. Егер біраз уақыт
қарамайтын болса, теледидарды өшіріп қою қажет. Бұл тұтынылатын қуат мөлшерін азайтады.
y
Кескін жарқындығының деңгейі төмендетілсе, қолданыс үстінде тұтынылатын қуат мөлшері айтарлықтай азайып, бұл
өз ретінде жалпы қуат ақысын азайтады.

1 Буманы ашып, барлық қосалқы құралдар қамтылғанын тексеріңіз.
2 Тіректі теледидарға бекітіңіз.
3 Сыртқы құрылғыны теледидарға жалғаңыз.
4 Желілік қосылым қол жетімді екенін тексеріңіз.
Теледидардың желі функцияларын тек желіге қосылғанда пайдалануға болады.


Өнімнің қорабында төмендегі заттардың бар екенін тексеріңіз. Кейбір қосалқы құралдары жетіспесе,
өнімді сатып алған жергілікті дилерге хабарласыңыз. Нұсқаулықтағы суреттер өнімнің және бірге
берілген заттардың нақты түрінен өзгеше болуы мүмкін.

y
Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, өнімнің жұмыс мерзімін арттыру үшін, мақұлданбаған өнімдерді пайдаланбаңыз.
y
Мақұлданбаған өнімдерді пайдаланудан туындаған зақымдар немесе залал кепілдікке кірмейді.
y
Кейбір модельдердің экранына жұқа қабат бекітілген және оны алып тастау керек.

y
Өніммен бірге берілген заттар оның үлгісіне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
y
Өнім сипаттамалары немесе осы нұсқаулықтың мазмұны өнім функцияларының жетілдірілуіне байланысты алдын
ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
y
Оңтайлы байланыс болу үшін, HDMI кабельдері және USB құрылғылары ұштарының қалыңдығы 10 мм-ден және ені
18 мм-ден аспауы керек. USB кабелі немесе USB жад картасы теледидардың USB портына сай келмесе, USB 2.0
қолдайтын ұзарту кабелін пайдаланыңыз.
A
B
A
B
*A
<
=
10 мм
*B
<
=
18 мм

Содержание

Скачать