Samsung RZ90EERS [20/32] Дұрыс пайдалану бойынша қосымша кеңестер

Samsung RZ90EERS [20/32] Дұрыс пайдалану бойынша қосымша кеңестер
04_
қауіпсіздік туралы ақпарат
Құрылғының анағұрлым жақсы жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін келесі нұсқаулықтарды
орындаңыз.
-
Азық-түліктерді құрылғының артқы панеліндегі желдеткіш
тесіктерге жақын қоймаңыз, бұл мұздатқыштағы еркін ауа
айналымына кедергі келтіруі мүмкін.
- Азық-түлікті мұздату камерасына қояр алдында,
оларды мұқият ораңыз немесе тығыз жабылатын
контейнерлерге орналастырыңыз.
- Жаңа азық-түліктерді мұздатылғандардың жанына
қоймаңыз.
Мұздатылған азық-түліктердің сақтау мерзімі мен
жарамдылығын сақтаңыз.
Егер сіз кемінде үш аптадай болмауды жоспарласаңыз,
тоңазытқышты желіден ажыратудың қажет жоқ. Бірақ егер
сіз одан да көп уақыт болмайтын болсаңыз, тоңазытқыштан
барлық азық-түлікті шығару қажет. Тоңазытқышты өшіріп,
оны тазалап жуыңыз жəне құрғатыңыз.
Суға арналған ыдысты, мұзға арналған науаны жəне
қалыпты тек ауызсумен толтырыңыз.
Егер мұздатқышқа су тисе, желі шнурын
ажыратыңыз жəне Samsung Electronics
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
ТАЗАЛАУ БАРЫСЫНДАҒЫ
ЕСКЕРТПЕ БЕЛГІЛЕР
Мұздатқыштың тікелей ішіне жəне сыртына
судың тиюінен сақтаныңыз.
- Олай болмаған жағдайда тұтану немесе ток соғу
қаупі бар.
Мұздатқышқа жақын жерде тұтанғыш заттарды
бүркімеңіз.
- Олай болмаған жағдайда жарылу немесе өрт шығу
қаупі бар.
Желі шнурының айырын тазалаған кезде кір
мен шаңды кетіріңіз. Айырды тазалағанда
дымқыл немесе ылғалды шүберекті
пайдаланбаңыз;
кір мен шаңды кетіріңіз.
- Олай болмаған жағдайда тұтану немесе ток соғу
қаупі бар.
Тазалау құралдарын дисплейге тікелей бүркімеңіз.
- Бұл ондағы əріптердің өшіп қалуына əкеп соғуы
мүмкін.
Мұздатқышты тазалар немесе жөндер
алдында розеткадан ажырату керек.
КƏДЕГЕ ТАСТАУ
БАРЫСЫНДАҒЫ ҚАТАҢ
ЕСКЕРТПЕ БЕЛГІЛЕРІ
Осы немесе кез келген басқа тоңазытқышты
кəдеге тастарда есігі мен тығыздағыштарын алып
тастаңыз. Бұл балалар немесе үй жануарларының
ішінде қамалып қалмауы үшін керек.
Құрылғының қаптамасын кəдеге тастар кезде оның
қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз.
Мұзатқыштың ішіне балалар кірмес үшін сөрелерін
алмаған жөн. Мұздатқышты кəдеге тастар алдында
артқы жағында орналасқан түтіктердің ешқайсысы
бүлінбегендігіне көз жеткізіңіз.
Хладагент ретінде R600а немесе R134а
пайдаланылады. Мұздатқышта қандай хладагент
пайдаланылатынын білу үшін компрессордың артқы
бөлігіндегі немесе камераның ішіндегі төлқұжаттық
кестедегі компрессор затбелгісімен тексеріңіз. Егер
құрылғыда отқа қауіпті газ (R600а хладагенті) болса,
мұздатқышты қауіпсіз кəдеге тастау мəліметтері
үшін жергілікті үкімет органдарына хабарласыңыз.
Оқшаулағыш материалдың құрамында циклопентан
бар. Газдың көмегімен үрленетін оқшаулаған материал
ерекше кəдеге тастауды талап етеді. Бұндай газдарды
экологиялық қауіпсіздік бойынша кəдеге тастау
мəліметтері үшін жергілікті үкімет органдарына
хабарласыңыз. Тоңазытқышты кəдеге тастар алдында
артқы жағында орналасқан түтіктердің ешқайсысы
бүлінбегендігіне көз жеткізіңіз. Түтіктерді ашық
жерде кəдеге тастау қажет.
Изобутан хладагенті (R600а) қоршаған ортаға
қауіпсіз табиғи газ болып табылады, бірақ тез
тұтанғыш. Құрылғыны тасымалдау жəне орнату
кезінде хладагенттің контурын бүлдірмес үшін сақ
болу қажет.
Хладагент аққан жағдайда көзге зиян келуі немесе
тұтануы мүмкін. Газдың шыққандығы анықталған
жағдайда барлық ашық от көздері мен тұтануы
мүмкін заттарды жауып, содан кейін құрылғы
тұрған үй- жайды бірнеше минут желдетіңіз.
Хладагенттің контуры бүлінген жағдайда тез тұтанғыш
газды-ауа қоспасы туындамас үшін, құрылғыны
орнатуға болатын үй-жай көлемі пайдаланылатын
хладагенттің мөлшеріне қатысты таңдалғаны
жөн. Құрылғыдан қандай да бір бүліну белгілері
байқалғанда ешқашан қоспаңыз. Егер күмəн туындаса,
сатушымен кеңесіңіз. Əрбір 8 г R600а хладагентіне
кем дегенде 1 м3 орын келу керек. Нақтырақ айтқанда,
құрылғыңыздағы хладагенттің мөлшері мұздатқыштың
ішіндегі төлқұжаттық кестеде көрсетілген.
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ
БОЙЫНША ҚОСЫМША
КЕҢЕСТЕР
Қуат беру көзі істен шыққан жағдайда жергілікті
энергетикалық компания кеңсесіне хабарласыңыз
жəне жөндеу жұмыстары қанша уақытқа
созылатындығын біліңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
АБАЙЛАҢЫЗ!
DA99-01951J(1.2).indb 섹션1:04DA99-01951J(1.2).indb 섹션1:04 2011.11.28 1:29:55 PM2011.11.28 1:29:55 PM

Содержание

Скачать