Samsung RT77KBSL [31/36] Температураны басқару жартылай электронды

Samsung RT77KBSL [31/36] Температураны басқару жартылай электронды
ТЕМПЕРАТУРАНЫ БАСҚАРУ (ЖАРТЫЛАЙ ЭЛЕКТРОНДЫ)
МҰЗДАТУ КАМЕРАСЫНЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН БАСҚАРУ
Мұздату камерасының температура көрсеткіші -17°С-тан -24°С-қа дейін
құрайды. Экранда қажетті температура мөлшері пайда болғанша, Freezer (мұздату
камерасы) түймешесін басыңыз. Кейбір азық-түліктердің, мысалы, балмұздақ
-16°С-та еріп кететіндігін ұмытпаңыз.
Суреттелген белгілер -17°С-тан -24°С-қа дейін өзгеріп отырады. -17°С-қа
жеткеннен кейін, экранда қайтадан -24°С көрсеткіші суреттеледі.
Жаңа температура
қойылған соң бес секундтан кейін, экранда мұздату
камерасының қазіргі температурасы шығады. Бірақ мұздату камерасы жаңа
температураға қалыптасқанша, бұл мөлшер өзгереді.
-17°C -18°C -19°C -20°C -21°C -22°C -24°C
FREEZER TEMPERATURE CONTROL
COLD COLDER COLDEST
Есікті жиі ашқан кезде немесе көп мөлшердегі ыстық тамақты сақтағанда
мұздату камерасының немесе тоңазытқыштың температурасы жоғарылауы
мүмкін. Сандық экран мұндайда жыпылықтап тұрады. Мұздату камерасының
немесе тоңазытқыштың температурасы бастапқы көрсеткішке жеткенде
жыпылықтау тоқтайды. Егер бұлай болмаса, тоңазытқышты «қайта қосу»
керек. Тоңазытқышты қуат көзінен ажыратып, он минуттай күтіңіз де, оны
қайта қосыңыз.
ТОҢАЗЫТҚЫШ ТЕМПЕРАТУРАСЫН БАСҚАРУ
Тоңазытқыштың температура көрсеткіші 7-денС-қа дейін құрайды.
Тоңазытқыштың тұтқасын реттегіштің
қақпағында қажетті температура көрсеткіші
көрсетілгенше сағат тілімен немесе оған
қарама-қарсы бұраңыз. Егер сіз көп азық-
түлік қорын сақтасаңыз немесе температура
қажетінше төмен болмаса, тұтқаны COLDER
(суықтау) қалпына қойыңыз.
Орташа температураны қою үшін тұтқаны
COLDER (суықтау) жəне COLD (суық)
қалыптарының арасына қойыңыз.
Егер сіз аз ғана азық-түлік қорын сақтасаңыз
немесе олар қатырылған болса, тұтқаны COLD
(суық) қалпына орнатыңыз.
Егер сіз ұзақ демалысты немесе іссапарды
жоспарласаңыз, тұтқаны VACATION (демалыс)
қалпына қойыңыз. Тоңазытқыш өшеді, бірақ
мұздату камерасы əдетінше жұмыс істей береді.
Назар аударыңыз!
Демалыс режимін қояр
алдында тоңазытқыштан
барлық азық-түлікті
шығарыңыз.
02 ПАЙДАЛАНУ
Пайдалану _11
DA99-01697G.indb Sec4:11DA99-01697G.indb Sec4:11 2011.10.17 11:52:48 AM2011.10.17 11:52:48 AM

Содержание