Samsung WF0400N2N DIAMOND — жаңа кір жуғыш машинаның қызметтері мен артықшылықтары [82/120]

Превью страниц Страница 82 / 120
Samsung WF0408N2N DIAMOND [82/120] _ жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі
2_ Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі
Жаңа samsung кір жуғыш
машинасының қызметі
Жаңа кір жуғыш машина сіздің кір жуу жайлы ойыңызды
өзгертеді. Өзінің керемет сапасының арқасында Samsung
кір жуғыш машинасы жалықтырған жұмысты сүйікті іске
айналдырады.
Балалардың киімін жуу жүйесі
Samsung кір жуғыш машинасында терісі сезімтал балалардың киімін
қорғайтын, кір жуу бағдарламасы бар.
Бұл бағдарламалар балалар терісінің тітіркену қаупін төмендетеді,
себебі жуғаннан кейін киімде кір жуғыш ұнтақтың аз ғана бөліктері
қалады. Сондай-ақ бағдарламалар кірді түріне қарай бөлуді
қарастырады да, кір жуу кірдің сипаттамасына сəйкес жүзеге асады.
Балалардан қорғайтын құлып
«Балалардан қорғайтын құлып» басқару панелінің бұғаттау қызметі
балалардың машина жұмысына араласпауына мүмкіндік береді.
Аталған қызметті қосқан кезде машинаны пайдалану процесі ойнап
жүрген балалардан қорғалып тұрады.
Жууды кейін бастау
Бұл қызмет кір жуғыш машинасын өзіңізге ыңғайлы уақытта пайдалану
үшін (арасы 1 сағаттан 19 сағаттан артық емес) кір жууды кейін
бастауға мүмкіндік береді.
Кірді тез жуу
Уақыт өткізбеңіз! Кір жууға жарты сағаттан аз уақыт кетіп, уақыт
үнемделеді.
Біздің 29 минуттық тез кір жуу бағдарламасы - əрқашан қолы босамай
жүретіндерге таптырмас шешім. Енді сүйікті киіміңізді небəрі 29
минутта жууға болады!
Қолмен жуу бағдарламасы
Күтімді жуу сəйкес температураға, судың қажет көлеміне жəне іш-
киімдерге жұмсақ əсер етуге байланысты жүреді.
WF0400N2-02876C_KK.indd 2 2010-6-10 9:30:30

Содержание

468

Жаңа кір жуғыш машина сіздің кір жуу процесіңізді жеңілдетеді. Балалардың киімін қорғау, жууды кейін бастау, тез жуу бағдарламалары - барлығы сіздің ыңғайлығыңыз үшін.