LG CBEZ2414B [26/68] Пайдалану және техникалық қызмет көрсету

LG CBEZ2414B [26/68] Пайдалану және техникалық қызмет көрсету
4
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құрылғы дұрыс орнатылмаған жағдайда барлық кепілдемелердің немесе жауапкершілік
талаптарының күші жойылуы мүмкін.
Егер қуат сымы зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін оны өндіруші немесе оның
қызмет көрсету маманы не ұқсас білікті мамандар ауыстыруы керек.
Қызып кетудің алдын алу үшін құрылғыны сәндік есіктің артына орнатуға болмайды.
Пайдалану және техникалық қызмет көрсету
Электр тоғының соғу қаупі
Сынған немесе жарылған панельде тамақ әзірлеуге болмайды. Панель беті сынса немесе
жарылса, құрылғыны негізгі электр желісінен (қабырға розеткасынан) ажыратып, білікті
маманға хабарласыңыз.
Панельді тазаламас немесе техникалық қызмет көрсетпес бұрын оны қабырғаның
жанында өшіріңіз.
Бұл кеңес орындалмаған жағдайда электр тоғы соғып, өліп кетуіңіз мүмкін.
Денсаулыққа тиетін қауіп
Бұл құрылғы электромагниттік қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді.
Алайда осы құрылғыны пайдаланбай тұрып, жүрекширатқыштары немесе басқа электр
импланттары (мысалы, инсулин дозаторы) бар адамдар импланттарына электрмагниттік
өрістің әсер етпейтініне көз жеткізу үшін өздерінің дәрігерімен немесе имплант
өндірушісімен кеңесулері керек.
Бұл кеңесті орындамау өлімге әкелуі мүмкін.
Ыстық беттен төнетін қауіп
Пайдаланған кезде бұл құрылғының қолжетімді бөлшектері күйік шалатындай қатты
қызып кетеді.
Денеңізді, киіміңізді немесе тиісті асүй ыдыстарынан басқа кез келген заттарды беті
салқындамаған панелі шынысына тигізбеңіз.
Пышақтар, шанышқылар, қасықтар және қақпақтар сияқты металл заттарды панелің
бетіне орналастыруға болмайды, өйткені олар қызып кетуі мүмкін.
Балаларды жақындатпаңыз.
Тұздық қазандарының тұтқалары ұстаған кезде ыстық болуы мүмкін. Тұздық
қазандарының тұтқаларының қосылып тұрған басқа пісіру аймағынан шығып тұрмағанын
тексеріңіз. Тұтқаларға балаларды жақындатпаңыз.
Бұл кеңесті орындамаған кезде күйіп қалуыңыз және жарақат алыңыз мүмкін.
Бір жеріңізді кесіп алу қатері
Панелі қырғышының өткір пышағы қорғаныс қақпағы алынған кезде шығарылады. Аса
сақтықпен қолданыңыз және әрдайым қауіпсіз және балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Сақтық шараларын қолданбаған жағдайда жарақаттануыңыз немесе бір жеріңізді кесіп
алуыңыз мүмкін.

Содержание

Скачать