LG CBEZM2414B [27/68] Қауіпсіздік бойынша сақтық шаралары

LG CBEZ2414B [27/68] Қауіпсіздік бойынша сақтық шаралары
5
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ҚАЗАҚ
Қауіпсіздік бойынша сақтық шаралары
Пайдалану барысында құрылғыны бақылаусыз қалдырмаңыз. Қайнап кету салдарынан
түтін шығып, тұтанып кететін май төгілуі мүмкін.
Құрылғыны жұмыс немесе сақтау беті ретінде пайдалануға болмайды.
Құрылғыда ешқандай заттарды немесе ыдыстарды қалдыруға болмайды.
Қызып кететін элементтерді ұстамаңыз.
Құрылғыны бөлмені жылыту немесе қыздыру үшін пайдалануға болмайды.
Пайдаланып болған соң пісіру аймақтарын және панелі осы нұсқаулықта сипатталғандай
әрдайым өшіріңіз (яғни сенсорлы түймелері ң көмегімен).
Балалардың құрылғымен ойнамайтынын бақылап отыру қажет.
Тазалау және күтіп ұстау жұмыстарын балалар ересектердің бақылауынсыз орындамауы
тиіс.
Құрылғының үстіңгі жағындағы шкафтарда балалар үшін қызықты болатын заттарды
сақтамаңыз. Балалар панелі үстіне өрмелеп шығып, ауыр жарақаттануы мүмкін.
Құрылғы пайдаланылатын аймақта балаларды жалғыз немесе қараусыз қалдырмаңыз.
Бұл құрылғыны қауіпсіздік үшін жауапты тұлға тарапынан құрылғыны пайдалануға
қатысты нұсқаулар берілмеген жағдайда физикалық, сезгіштік не ақыл-ой мүмкіндіктері
шектеулі немесе тәжірибесіз және біліксіз адамдардың (балаларды қоса алғанда)
пайдалануына болмайды.
Нұсқаулықта арнайы ұсынылған жағдайларды қоспағанда, құрылғының кез келген
бөлшегін жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды. Барлық басқа қызметтерді білікті
техник орындауы тиіс.
Плитаңыздың бетіне ауыр заттарды қоймаңыз немесе құлатпаңыз.
Плитаңыздың үстіне тұрмаңыз.
Тісті жиектері бар табаларды пайдаланбаңыз немесе табаларды панелің шыны бетінің
бойымен сүйретпеңіз, себебі шыны сырылуы мүмкін.
Қуат сымы зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін оны өндіруші не оның қызмет
көрсету маманы немесе ұқсас білікті мамандар ауыстыруы керек.
Бұл құрылғы тұрмыстық ортада және төмендегідей жерлерде пайдалануға арналған:
-дүкендегі, кеңседегі және басқа жұмыс ортасындағы қызметкерлер тамақ ішетін
аймақтарда; -фермалық үйлерде; -қонақүйлердегі, мотельдердегі және басқа тұрғын үй
түріндегі орталардағы клиенттердің қолданысы үшін; -мини-қонақ үйлерде.
Плитаңызды тазалау үшін металл қырғышты немесе кез келген басқа қатты абразивті
тазартқыш заттарды пайдаланбаңыз, себебі бұның салдарынан панелі шынысы сырылуы
мүмкін.
Бақылаусыз қалған 8 жасқа толмаған балаларды жақындатпаңыз.
Құрылғыны және оның сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Өрт немесе күйіп қалу қаупін болдырмау үшін үй жануарларын өнімге жақындатпаңыз.
Өнім жұмыс істемеген кезде де, үй жануарларының оған шығуына жол бермеңіз.
Бумен тазалау құралы пайдаланылмауы керек.
Бұл құрылғыға еш уақытта жанғыш заттарды немесе өнімдерді қоймаңыз.
Құрылғыны сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару жүйесі арқылы қолдануға
болмайды.

Содержание

Скачать