Brayer BR1028 [31/40] Қауіпсіздік шаралары және пайда лану бойынша нұсқаулық

Brayer BR1028 [31/40] Қауіпсіздік шаралары және пайда лану бойынша нұсқаулық
31
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДА-
ЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Құрылғыны пайдаланар алдында пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз, оқыған соң,
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Электр шайнекті осы нұсқаулықта көрсетілгендей,
тікелей тағайыны бойынша ғана пайдаланыңыз.
Шайнекті дұрыс қолданбау оның бұзылуына,
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы
болып саналмайды.
Шайнек ішуге арналған суды ғана қыздыруға және
қайнатуға тағайындалған, қандай да бір басқа
сұйықтықты қыздыруға немесе қайнатуға тыйым
салынады.
Заттаңбада көрсетілген электр шайнектің жұмыс
кернеуі электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне
көз жеткізіңіз.
Шайнек міндетті түрде жерге қосулы болуы қажет.
Қысқа тұйықталу болған жағдайда, жерге қосу
электр тогы соғу тәуекелін төмендетеді.
Қуаттандыру бауы «евроашамен» жабдықталған;
оны тек сенімді жерге қосылған, электр розеткаға
ғана қосыңыз.
Егер розетканың дұрыс орнатылғанына және жер-
ге қосуына сенімді болмасаңыз, электр маманына
хабарласыңыз.
Өрттің шығуын болдырмау үшін, жерге қосу
түйісуі жоқ электр розеткасына қосуға арналған,
желі ашасы «өткізгіштерін» пайдалануға тыйым
салынады.
Күйік иісі және от ұшқыны пайда болған кезде, ро-
зеткадан желі бауының ашасын шығарыңыз және
үйдің электр желісіне қызмет көрсететін ұйымға
хабарласыңыз.
Құтыдан немесе шайнек корпусынан түтін пайда
болған кезде, розеткадан желі бауының ашасын
шығарыңыз, шайнек қақпағын ашпаңыз, отты та-
ратпау шараларын қолданыңыз. Шайнек жөндеуін
қарау үшін сервистік орталыққа жүгініңіз.
Электр шайнекті үй-жайдан тыс жерде пайдала-
нуға тыйым салынады.
Найзағай кезінде құрылғыны пайдалану ұсыныл-
майды.
Шайнекке бөгде заттарды қоймаңыз.
Құрылғыны соққыдан, құлаудан, дірілден және
басқа да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
Желіге қосулы тұрған, электр шайнекті қараусыз
қалдырмаңыз.
Электр шайнекті ас үй раковинасына жақын,
жуынатын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да
су толтырылған сиымдылықтарға жақын жерде
пайдаланбаңыз.
Егер құрылғы суға құлап кетсе, дереу қуаттандыру
бауының ашасын розеткадан сурыңыз және содан
кейін ғана құрылғыны судан алып шығыңыз.
Электр шайнекті жылытатын аспаптардың, ашық
оттың немесе жылу көздерінің тікелей қасында
пайдаланбаңыз.
Скачать