Hiper LPR-1000 [16/18] Кепілдік шарттары

Hiper LPR-1000 [16/18] Кепілдік шарттары
Кепілдік шарттары
HIPER тауарларының (бұйымдарының) дайындаушысы болып табылатын «HIPER TechnoO Ltd» компаниясы (мәтін
бойынша әрі қарай — Дайындаушы), сіздің таңдауыңызға шексіз алғысын білдіреді. Осы бұйым сіздің
сұранысыңызды қанағаттандыруы үшін, ал сапасы үздік әлемдік үлгілерге сәйкес болуы үшін біз барымызды
салдық. «HIPER Technology Ltd» құрылғылардың қызмет ету мерзімін белгілейді: 2 жыл. Егер бұйымды
пайдаланушының қысқаша нұсқаулығында өзгеше шектеу белгіленбесе, қызмет мерзімі бұйымның дайындалған
күнінен бастап есептеледі.
«HIPER Technology Ltd» компаниясының барлық тауарлары Ресей Федерациясына жеткізілуге арналған және
тиісінше осы елде пайдалану шарттарын ескере отырып жасалған. Осыған көз жеткізу үшін, бұйым мен орамада
сәйкестіктің ресми белгілерінің болуын тексеруіңізді сұраймыз.
Түсініспеушілікке жол бермеу үшін сізден қысқаша нұсқаулықты, кепілдік міндеттемелердің шарттарын мұқияп оқып
шығуды, кепілдік талонының дұрыс толтырылғандығын тексеруіңізді өтіне сұраймыз. Кепілдік талоны мыналар
дұрыс және айқын көрсетілген кезде ғана жарамды: моделі, бұйымның сериялық нөмірі, сату күні,
сатушы-фирманың нақты мөрі, сатып алушының қолы. Бұйымның моделі мен сериялық нөмірі кепілдік талонында
көрсетілгенге сәйкес болуы тиіс. Осы шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ кепілдік талонында көрсетілген деректер
згертілген, өшірілген немесе қайта жазылған жағдайда, кепілдік талоны жарамсыз деп танылады. Мұндай жағдайда
сізге жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкес жаңа кепілдік талонын алу үшін Сатушыға хабарласуға, немесе
тауарлық немесе кассалық чекті, немесе бұйымды сатып алу факті мен күнін растайтын басқа құжаттарды ұсынуға
кеңес береміз.
Егер сату күнін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, Ресей Федерациясының тұтынушылардың құқықтарын қорғау
туралы заңнамасына сәйкес кепілдік талонының мерзімі бұйымның жасалу күнінен бастап есептеледі.
Осы кепілдік талонымен «HIPER Technology Ltd» Дайындаушының кінәсі бойынша туындаған бұйымның кемшіліктері
анықталған жағдайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңнамасымен белгіленген,
тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру жөніндегі міндеттемелерін қабылдайтынын растайды.
«HIPER Technology Ltd» төменде көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, тұтынушылардың кепілдік
міндеттемелері бойынша талаптарын қанағаттандырудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Кепілдік
міндеттемелердің барлық шарттары тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың шеңберінде
қолданылады және импорттаушы елдердің заңнамасымен реттеледі.
«HIPER Technology Ltd» сату күнінен бастап есептелетін 12 айлық кепілдік мерзімін белгілейді.
Тауар Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келеді:
• КО ТР 020/2011 «Техникалық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі»;
• КО ТР 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы».
Тауар Еуразиялық экономикалық одақтың ЕАЭО ТР 037/2016 «Электр техникасы және радиоэлектроника
бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келеді.
Сервис орталықтарының өзекті тізімі мына мекенжай бойынша:
https://www.dns-shop.ru/technical-support/
Кепілдік мерзімі: 12 ай.
Пайдалану мерзімі: 24 ай.
Өндірілген күні өнімнің сериялық нөмірінде көрсетілген, ол жерде өндірілген (1) жылы, ал (2) айы.
Мысал: HP22010000DN.
Монтаждау, сақтау, тасу (тасымалдау), өткізу және кәдеге жарату ережелері мен
шарттары
• Құрылғыны монтаждау (орнату) тәсілі пайдаланушы нұсқаулығында сипатталған.
• Құрылғыны сақтау ауа температурасы 5 °C-тан 40 °C-қа дейінгі аралықта және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
80%-дан аспайтын жағдайда өндірушінің және тұтынушының жылытылатын үй-жайларында орындалуы тиіс.
Үй-жайларда тоттануды тудыратын агрессивті қоспалар (қышқылдардың, сілтілердің булары) болмауы тиіс.
• Құрылғыны тасымалдау құрғақ ортада жүзеге асырылуы тиіс.
• Құрылғыны өткізу жергілікті заңнамаға сәйкес жүргізілуі тиіс.
• Бұйымның қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін оны кәдімгі тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға болмайды. Оның
орнына ол мемлекеттік заңнамаға сәйкес кейінірек қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін электр және электрондық
жабдықты қабылдайтын тиісті орынға кәдеге жаратуға тапсыруға жатады. Осы өнімнің дұрыс кәдеге жаратылуын
қамтамасыз ете отырып, сіз табиғи ресурстарды сақтап қалуға көмектесесіз және тиісінше қарамаған жағдайда орын
алуы мүмкін қоршаған орта және адамдардың денсаулығы үшін залалдың алдын аласыз. Осы өнімді қабылдау және
кәдеге жарату орындары туралы толығырақ ақпаратты жергілікті муниципалды органдардан немесе тұрмыстық
қоқысты шығару жөніндегі кәсіпорыннан алуға болады.
• Аспаптың ақаулығы анықталған кезде дереу авторластырылған сервис орталығына хабарласу немесе аспапты кәдеге
жарату керек.
• Құрылғы ұқыпты ұстауды талап етеді, оны шаңның, ластың, соққылардың, ылғалдың, оттың және т. б. ықпал етуінен
сақтаңыз.

Содержание

Скачать