DEXP U43G9000C/G — монтаждау, сақтау және тасымалдау ережелері мен шарттары [76/84]

Превью страниц Страница 76 / 84
DEXP U43G9000C/G [76/84] Монтаждау сақтау тасу тасымалдау сатып өткі зу және кәдеге жарату ережелері мен шарттары
76
Монтаждау, сақтау, тасу (тасымалдау), сатып өткі-
зу және кәдеге жарату ережелері мен шарттары
• Құрылғы қандай да болмасын монтаждауды немесе бекітуді талап етпейді.
• Құрылғыны қаптамада, өндірушінің және тұтынушының жылытылатын
үй-жайларында ауаның 5°С және 40°С аралығындағы температурада және
ауаның 80%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Үй-жайда жемірілуді тудыратын жегі қоспалар (қышқылдардың, сілтілердің
булары) болмауы тиіс.
• Құрылғының дұрыс тасымалдауын қамтамасыз ету үшін келесі талаптарды
орындау қажет:
егер ондайлар бар болса, құрылғының барлық ішкі керек-жарақтарын
шығарып алыңыз және оларды бөлек қаптаңыз;
оның жұмысқа қабілеттігін және сыртқы көрінісін сақтау үшін құрылғы-
ның дұрыс қапталғанына көз жеткізіңіз (ірі габаритті техниканы сынды
жерлерінде гофрланған қатырмадан жасалған төсемдері бар полиэтилен
немесе көпіршікті қабықшаға орау керек);
оның көлік құралы бойынша жылжуын болдырмау үшін құрылғыны бел-
беулермен сенімді түрде бекітіңіз;
сыртқы ортаның әсерін толығымен болдырмау үшін жабылған көлікті ғана
пайдаланыңыз;
жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындаған кезде қаптамамен барынша ұқып-
тылықты қамтамасыз етіңіз.
шұғыл соққылар мен құлаудан сақтаңыз;
жауын немесе ылғалды қар астында ұзақ болуын болдырмаңыз;
қорап үстіне ауыр заттарды қоймаңыз.
• Құрылғыны ұқыппен қолдануды талап етеді, оны шаңның, кірдің, соққылар-
дың, ылғалдың, оттың және т. б. әсерінен қорғаңыз.
• Құрылғыны өткізу жергілікті заңнамаға сәйкес жүргізілуі тиіс.
• Құрылғы ақаулығын анықтаған кезде дереу авторландырылған сервистік
орталыққа жүгіну немесе құрылғыны кәдеге жарату керек.
Құрылғы жиынтығына кіретін, батареялардың қызмет ету мерзімі аяқталғаннан
кейін, оларды басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмаңыз. Құрылғы
мен батареяны жою, қалдықтарды бақылаусыз лақтыру нәтижесінде, қоршаған
ортаға әлеуетті зиян келдтіруді болдырмау үшін, қалдықтарды жою бойынша
жергілікті нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
• Бұйымның қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін, оны әдеттегі тұрмыс қал-
дықтарымен бірге лақтыруға болмайды. Мұның орнына, оны федералдық
немесе жергілікті заңнамаға сәйкес кейінгі қайта өңдеу мен кәдеге жарату
үшін тиісті электрлік және электрондық жабдықтарды қабылдау орнына
кәдеге жарату керек. Осы бұйымды кәдеге дұрыс жаратуды қамтамасыз ете
отырып, сіз табиғи ресурстарды сақтауға көмектесесіз және тиісінше қолдан-
бау салдарынан қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына келтірілуі
мүмкін нұқсанның алдын аласыз. Осы бұйымды қабылдау және кәдеге жарату
пунктілері туралы толығырақ ақпаратты жергілікті муниципалды органдардан
немесе тұрмыс қоқысын шығаратын кәсіпорыннан ала аласыз.

Содержание

155

Осы нұсқаулықта құрылғыны монтаждау, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату бойынша ережелер мен шарттар туралы ақпарат берілген. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін сақтық шараларын орындау маңызды.