DEXP Ellipse 25 Ellipse 25 онлайн

DEXP Ellipse 25 Ellipse 25 онлайн
ТВ-Антенна DEXP Ellipse 25
Құрметті сатып алушы!
«DEXP» сауда маркасымен шығарылатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғысымызды
білдіреміз. Біз сапасына, функционалдығына және дизайнына қойылатын жоғары
талаптарға сәйкес жасап шығарылған және дайындалған бұйымдар мен құрылғы-
ларды ұсынуға қуаныштымыз Пайдалануды бастар алдында осы нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз, онда Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат, сон-
дай-ақ өнімді дұрыс пайдалану және оны күтіп ұстау бойынша ұсынымдар берілген.
Осы Нұсқаулықты сақтап қойыңыз және оны бұйымды одан әрі пайдалану кезінде
анықтамалық материал ретінде пайдаланыңыз.
Тағайындалуы
Осы құрылғы UHF және VHF-диапазондарында аналогты және цифрлық ТВ-сигнал-
дарды қабылдауға арналған. Осы антенна активті болып табылады. Сіз оған қуат
көзін беріп, USB кабелін теледидардың немесе ТВ тіркеменің USB портына қосу
арқылы сигнал қабылдануын жақсарта аласыз. Құрылғы қолданыста өте қарапай-
ым, дегенмен осы пайдаланушы нұсқаулығын оқып, оны келешекте пайдалану үшін
сақтау ұсынылады.
Жиынтық
ТВ-антенна, адаптер, стикерлер, USB-кабель, пайдаланушы нұсқаулығы, кепілдік
талоны.
Монтаждау, сақтау, тасымалдау (тасу), өткізу және кәдеге жарату қағидалары мен
шарттары
Құрылғы дайындаушы мен тұтынушының жылытылатын үй-жайларында 5 °С-тан
40 °С-қа дейінгі ауа температурасында және 80 %-тен аспайтын салыстырмалы ауа
ылғалдылығында қаптамада сақталуы тиіс. Үй-жайларда коррозияны тудыратын
жемір қоспалар (қышқылдар, сілтілер булары) болмауға тиіс.
Құрылғы құрғақ ортада тасымалдануы керек.
Құрылғы мұқият өңдеуді қажет етеді, оны шаң, кір, соққы, ылғалдан, оттан және
т.б. қорғаңыз.
Құрылғыны өткізу РҚ қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілуі керек.
Осы бұйымды кәдеге жарату қалдықты қайта өңдеу жөніндегі жергілікті норма-
лар мен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылу керек. Осы өнімнің дұрыс кәдеге
жаратылуын қамтамасыз ете отырып, қалдықтарды бақылаусыз шығару және
материалдық ресурстарды ұтымды пайдалану нәтижесінде сіз қоршаған ортаға
және адам денсаулығына зиян келтірудің алдын алуға көмектесесіз. Бұл өнімді
қабылдау және кәдеге жарату пункттері туралы толығырақ ақпаратты жергілікті
муниципалдық органдардан немесе тұрмыстық қоқысты шығаратын кәсіпорын-
нан алуға болады.
Құрылғының ақаулығы анықталған жағдайда дереу авторизацияланған қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз немесе құрылғыны кәдеге жаратыңыз.
Сақтық шаралары
Өрт немесе электр тогы соғуы қаупінің алдын алу үшін құрылғыға кез-келген сұй-
ықтықтың түсуіне жол бермеңіз.
Құрылғының корпусына бөгде заттарды қоймаңыз.
Құрылғыны құрғақ және желдетілетін жерге қойыңыз. Жылыту құралдарының
жанына орналастырмаңыз, күн сәулесі, механикалық вибрация, ылғал және тозаң
әсеріне ұшыратпаңыз.
Ашық от көздері, мысалы жағылған шамның антеннамен жанасуға тыйым салы-
нады.
Суықта ұзақ уақыт болғаннан кейін, қосудан бұрын құрылғыны бөлме температу-
расында 1 сағат ішінде шыдату керек.
Егер ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз немесе найзағай алдында антеннаны барлық
басқа құрылғылар мен қуат көздерінен ажыратыңыз. Найзағай кезінде құрылғыға
тиіспеңіз.
Құрылғыны тазалау үшін ешқашан қажақты материалдарды немесе органикалық
қосылыстарды пайдаланбаңыз (алкоголь,бензин және т.б.). Тазалауды бастаудан
бұрын әрқашан антеннаны қуат көзінен және басқа құрылғылардан ажыратыңыз.
Құрылғы олардың қауіпсіздігі үшін жауапты басқа тұлғалардың бақылау жүргізетін
жағдайларды қоспағанда, физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері
шектеулі тұлғалар мен балалардың пайдалануы үшін тағайындалмаған. Балаларға
құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.

Похожие устройства

Скачать