DEXP RF-MN460DMA/B [10/25] Орнату бойынша ұсыныстар

DEXP RF-MN460DMA/B [10/25] Орнату бойынша ұсыныстар
Бұл құрылғы үнемі жұмыс істейтін аспап болып табылады және өзіне тән дыбыстарды
шығарады, сондықтан оны демалуға және ұйықтауға арналған жерлерге орнатпаған
жөн.
Құрылғының сыртқы жағындағы домалақ жапсырмаларды алмаңыз. Олар техно-
логиялық саңылауларды жауып, сәндік функциясын орындайды.
Қолданбас бұрын құрылғыны мұқият жуыңыз. Тығыздағышқа және корпустың жоғарғы
бөлігіне есік ілмектері жағынан жағылған силикон майды жууға болмайды. Қақпақ
жабылған кезде май тығыздағыш кептелуінің алдын алады.
Кейбір модельдерде сөрелердің алдыңғы бөлігінде (металл түсті) мөлдір қорғаныс
пленкасы жабыстырылған, оны қолдану алдында алып тастау ұсынылады.
Құрылғыны жылыту құрылғыларының жанына және тікелей күн сәулесі астына,
сондай-ақ ылғалдылығы жоғары жерлерге орнатпаңыз.
Нұсқаулықта көрсетілген электр тогының кернеуі Сіздің үйіңіздің желі параметрлеріне
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Қуат кабелін электр розеткасына қосыңыз. Осы
розеткаға басқа электр аспаптарын қоспаңыз.
Құрылғыны бірінші рет орнатқан кезде, оның ішіндегі жұмыс температурасын орнату
үшін 2-3 сағат жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз, содан кейін ғана оны балғын немесе
мұздатылған азық-түлікке толтырыңыз. Құрылғыны желіден ажыратқаннан кейін оны
кемінде 5 минуттан кейін қайта қосқан жөн. Әйтпесе, ол істен шығуы мүмкін.
Құрылғыны үй-жай қабырғасына бүйір жағымен қабырғаға орнатқан кезде, сөрелер
мен жәшіктерді шығарып алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін есіктерді 90 градустан
асатын бұрышқа ашу мақсатында жеткілікті орынның болуын қарастырыңыз.
Орнату бойынша ұсыныстар
Көтеру
Реттелетін
аяқ
Түсіру
Құрылғыны туралау
Құрылғыны тегіс, қатты еденге туралау керек. Бұл талапты сақтамау құрылғының бұзылуына
немесе зақымдарға әкелуі мүмкін.
Құрылғы бос болғанда туралау керек. Құрылғының ішінде азық-түліктер жоқ екеніне
көз жеткізіңіз.
Алдыңғы жағы артқы жағынан сәл жоғары болуы керек.
Аяқты/аяқтарды реттеу үшін құрылғыны сәл еңкейтіңіз. Құрылғының алдыңғы бөлігін
көтеру үшін аяқтарды/аяқты сағат тілімен бұраңыз, ал төмен түсіру үшін төмендегі суретте
көрсетілгендей, сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Как должен работать димплей
10 месяцев назад