DEXP FC 3690 — автомобиль аудиожүйесі: нұсқаулық және қауіпсіздік шаралары [1/4]

DEXP FC 3690 Руководство пользователя онлайн
DEXP автомобиль аудиожүйесі
FM 1130, FC 2100, FC 2130, FC 2165, FC 3130,
FC 3165, FC 3690, FK 2165
Құрметті сатып алушы!
Сізге «DEXP» сауда маркасымен шығарылатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
Біз Сізге сапаға, функционалдыққа және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес әзірленіп
жасалған бұйымдар мен құрылғыларды қуана ұсынамыз. Құрылғыны пайдаланар алдында осы
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, онда Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат, сон-
дай-ақ өнімді дұрыс пайдалану және оны күтіп ұстау бойынша ұсынымдар берілген. Осы Нұсқау-
лықты сақтап қойыңыз және бұйымды әрі қарай пайдалану кезінде оны анықтамалық материал
ретінде пайдаланыңыз.
DEXP автомобиль аудиожүйесі автоойнатқышқа қосылу арқылы дыбысты ойнатуға арналған.
Сақтық шаралары
Қозғалыс кезінде құрылғымен жұмыс істемеңіз.
Құрылғыны магниттік өрістің әсері қатты болатын жерлерде пайдаланбаңыз (ол GPS, Bluetooth,
радио жұмысына әсер етуі мүмкін).
Жаңбырлы ауа-райында немесе ылғалдылық жоғары болған кезде конденсат түзілуі мүмкін,
бұл құрылғының бұзылуына әкелуі мүмкін. Ылғал сіңіргіштерді пайдаланыңыз немесе құрылғы-
ны пайдаланар алдында ылғалдың толық буланып кетуін күтіңіз.
Дауыс қаттылығын қозғалыс кезінде Сіздің автомобильдің айналасында не болып жатқанның
барлығын естіп отыратындай деңгейде ұстаңыз.
Монтаждау, сақтау, тасымалдау (тасу),
өткізу және кәдеге жарату ережелері мен шарттары
• Орнату бойынша нұсқаулық аудиожүйемен бір жиынтықта жүреді.
Құрылғы дайындаушы мен тұтынушының жылытылатын үй-жайларында 5 °С-тан 40 °С-қа
дейінгі ауа температурасында және 80%-тен аспайтын салыстырмалы ауа ылғалдылығында
қаптамада сақталуы тиіс. Үйжайларда коррозияны тудыратын жемір қоспалар (қышқылдардың,
сілтілердің булары) болмауы тиіс.
• Құрылғыны құрғақ ортада тасымалдау қажет.
Құрылғы ұқыпты ұстауды қажет етеді, оны шаң, кір, соққы, ылғал, от және т.б. әсерінен
сақтаңыз.
Құрылғыны өткізу РҚ қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілуі тиіс.
Аталған бұйымды кәдеге жарату қалдықтарды өңдеу бойынша жергілікті нормалар мен
ережелерге сай жүзеге асырылуы тиіс. Осы өнімнің кәдеге дұрыс жаратылуын қамтамасыз
ете отырып, Сіз қалдықтарды бақыламай шығару нәтижесінде қоршаған орта мен адамның
денсаулығына келетін әлеуетті зиянды болдырмауға және материалдық ресурстарды ұтымды
пайдалануға көмектесесіз. Осы өнімді қабылдау және кәдеге жарату пункттері туралы толығы-
рақ ақпаратты жергілікті муниципалдық органдарда немесе тұрмыстық қоқысты шығаратын
кәсіпорыннан білуге болады.
Құрылғының ақаулығы анықталған жағдайда, дереу авторландырылған сервис орталығына
хабарласыңыз немесе құрылғыны кәдеге жаратыңыз.

Бұл нұсқаулық автомобиль аудиожүйесін қауіпсіз пайдалану және күтіп ұстау бойынша маңызды ақпаратты қамтиды. Сапалы дыбыс үшін қажетті ұсыныстар мен сақтық шараларын оқыңыз.

Скачать