Centek CT-5024 White [5/12] Егер бұйым біршама уақыт 0 ºc төмен температурада тұрған болса қосар алдында оны

Centek CT-5024 Black [5/12] Егер бұйым біршама уақыт 0 ºc төмен температурада тұрған болса қосар алдында оны
- Қоректендіргіш бауын тартпаңыз, майыстырмаңыз, құрылғы корпусына орап қоймаңыз.
-
Құралдың қозғалмалы бөліктеріне жанасудан сақ болыңыз. Жұмыс жасап тұрған
желдеткіштің қорғаныш торы арқылы қарындаштар немесе басқа заттарды тықпаңыз.
- Қорғаныш торы орнатылмаған желдеткішті қоспаңыз.
-
Құралды немесе оның қандай болмасын тетіктерін өз бетіңізбен жөндеуге тырыспаңыз.
Ақаулар анықталған жағдайда ең жақын орналасқан Сервис орталығына хабарласыңыз.
-
Егер бұйым біршама уақыт 0 ºC төмен температурада тұрған болса, қосар алдында оны
бөлмеде кемінде 2 сағат ұстау керек.
-
Өндіруші алдын-ала хабарламастан бұйым конструкциясына оның қауіпсіздігіне, жұмысқа
жарамдылығына және қызметіне түбегейлі әсер етпейтін азғантай өзгертулер енгізу
құқығын өзіне қалдырады.
- Тасымалдау (тасу), сату бойынша ерекше шарттар: жоқ.
2. ҚҰРАЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҚ
1. Алдыңғы қорғағыш тор - 1 дана
2. Қалақшаларды бекіту сомыны - 1 дана
3. Қалақша - 1 дана
4. Артқы торды бекіту сомыны - 1 дана
5. Артқы қорғағыш тор - 1 дана
6. Торға арналған сәндік жапсырма - 1 дана
7. Басқару панелі бар моторлы блок - 1 дана
8. Басқару пульті - 1 дана
9. Торды бекітуге арналған қамыт - 1 дана
10. Жылжымалы қарнақ - 1 дана
11. Тағанды бекіткіш - 1 дана
12. Таған -1 дана
13. Табан - 1 дана
14. Табан ауыртлатқыш - 1 дана
15. Табанды бекіту бұрандасы - 1 дана
Сәндік төсенішті торға бекітуге арналған бұранда - 3 дана
Пайдаланушы нұсқаулығы - 1 дана
3. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
АСПАПТЫ ҚҰРАСТЫРУ
- Желдеткіш бөлшектелген күйде жеткізіледі.
- Құрастыру үшін сізге бұрағыш қажет болады.
-
Құрастыруды бастамас бұрын жеткізу жиынтығының толық екендігіне және жиынтық
бөлшектерінің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз.
-
Үстіңгі бөлігін құрастырыңыз. Ол үшін қорғаныш тордың артқы бөлігін мотор блогының
алдыңғы жағына орнатыңыз, содан кейін оны гайкамен бекітіңіз. Пропеллердің ойығын
қозғалтқыш білігінің шпонкасымен беттестіре отырып, желдеткіштің пропеллерін қозғалтқыш
білігіне орнатыңыз. Орнатылған пропеллерді гайкамен бекітіңіз.
- Гайка сағат тіліне қарсы бұралады!
-
Алдыңғы қорғанышты орнатып, торларды гайка мен болттың көмегімен бекітіп, қамытпен
жалғаңыз.
-
Желдеткіштің астыңғы бөлігін құрастырыңыз, ол үшін түбінің саңылауы мен ауырлатқышты
беттестіріп, содан соң оған бағана осін кіргізіп, гайкамен мықтап бекітіңіз.
-
Бұрандамен бекіте отырып, бұйымның барлық бөліктерін құрастырыңыз. Бекіткіштің көме
-
гімен мотор блогының қажетті тік көлбеу күйге келтіріңіз.
-
Желілік бауын толығымен тарқатып, оның ашасын бұйымда көрсетілген кернеуге сәйкес
келетін кернеуі бар желі розеткасына қосыңыз.
- Желдеткіш жұмысқа дайын.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
- Желдеткіштің жылдамдығын таңдау үшін «ВКЛ», түймесін басыңыз. Панельдегі жұмыс
режимдерінің Жарық индикаторларының бірі жанады және желдеткіш жұмыс істей бастайды.
- Қозғалтқыш блогын пропеллермен көлденең автоматты бұруды қосу үшін «ВРАЩЕНИЕ»
түймесін басыңыз.
- Желдеткішті автоматты түрде өшіру уақытын орнату үшін «ТАЙМЕР», түймесін басыңыз.
- Желдеткішті өшіру үшін «ВЫКЛ». түймесін басыңыз. Өнімнің жұмысында ұзақ үзілістер болған
кезде оны қуат көзінен ажыратыңыз.
- Желдеткіштің биіктігін реттеу түтікті тігінен жылжыту арқылы жүзеге асырылады, содан
кейін тіректің қысқышын қатайтады.
ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ПУЛЬТІ
- Автоматты өшу таймерінің жұмыс уақытын таңдау TIMER, батырмасымен іске асырылады,
бұл кезде жарық индикаторлары қойылған уақыт туралы ақпарат беретін болады. Сіз
жұмыс уақытын 1-тен 7,5 сағатқа дейін қоя аласыз.
-
Желдеткіштің жұмыс режимін таңдау үшін MODE батырмасын басыңыз. Үш режимде жұмыс
жасау мүмкіндігі бар:
- NORMAL (NOR) (желдету) – ауа ағынының жылдамдығы П5 батырмасымен таңдалған
режимге байланысты.
- NATURAL (NAT) (табиғи жел) – табиғи желді келтіретін режим, ауа ағынының қарқындылығы
ретсіз өзгереді: жеңіл лептен қатты екпінге дейін.
- SLEEP (SLP) (баяу жел) – ауа ағынының жылдамдығы үздіксіз күшейе және баяулай
циклді өзгереді.
- Корпусты 90° бұру режимі SWING батырмасын басу арқылы іске асырылады.
-
Түнгі режимді қосу үшін NIGHT батырмасын басыңыз. Желдеткіш баяу айналып, жай режимде
(42 дБ бастап) жұмыс істей бастайды, LED-индикаторлар сөніп, дыбыстық сигналдар
өшіріледі.

Содержание

Скачать