Zanussi ZWQ61226WI [11/44] Бала қауіпсіздігінің құралы

Zanussi ZWQ61226WI [11/44] Бала қауіпсіздігінің құралы
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАЛЫ
Осы функцияның көмегімен балалар басқару
панелімен ойнауға жол бермейсіз.
Осы функцияны қосу/сөндіру үшін,
және түймешіктерін индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар басыңыз.
Бұл функцияны түймешігін басқаннан
кейін іске қосыңыз: түймешіктер бұғатталған
(
түймешігінен басқа) .
Бұл функция құрылғыны
сөндіргеннен кейін де жұмыс істеп
тұрады.
ДЫБЫСТЫҚ СИГНАЛДАР
Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда
қосылады:
Бағдарлама аяқталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу үшін
және түймешіктерін 4 секунд қатар
басыңыз.
Егер дыбыстық сигналдарды
сөндірсеңіз, олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла береді.
ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
1. Ашаны розеткаға қосыңыз.
2. Су құятын шүмекті ашыңыз.
3. Жуу циклына арналған бөлікке шамалы
жуғыш зат салыңыз.
4. Мақта матаға арналған бағдарламаны
орнатып, ең жоғары температураға қойып
ешбір кір салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның ішінде бар
болуы мүмкін кірлердің барлығын кетіреді.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
КІРДІ САЛУ
1. Құрылғының қақпағын ашыңыз.
2. A түймесін басыңыз.
A
Барабан автоматты түрде ашылады.
3. Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
4. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына көз
жеткізіңіз.
5. Барабан мен қақпақты жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Құрылғының есігін
жабар алдында, барабанның
дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз.
ЖУҒЫШ ЗАТ ПЕН ҮСТЕМЕЛЕРДІ
ПАЙДАЛАНУ
Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты өлшеп
алыңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТ САЛЫНАТЫН БӨЛІКТЕР
Алдын ала жуу циклына
арналған жуғыш зат бөлігі.
11

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Как разобрать
1 год назад