Galaxy GL 2961 [11/16] Керек желілік кабельді ауыстыру қолданыстағы тарифке сай авторлан

Galaxy GL 2961 [11/16] Керек желілік кабельді ауыстыру қолданыстағы тарифке сай авторлан
ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫ!
Біз Сізге артқан сеніміңіз үшін алғысымызды айтамыз және Сіздің сатып
алған техникаңызға көңіліңіз толатындығына сенімдіміз. GALAXY техни-
касы Сіздің үйіңізде жайлылық атмосферасы мен қолайлылықты орнату
үшін жасалған.
Құралды қолдану алдында біз Сізге аталған пайдалану жөніндегі нұсқау-
лықтың барлық тармақтарымен мұқият танысып шығуды ұсынамыз.
Құралды сатып алу кезінде оның жұмысқа қабілеттілігіне, механикалық
бүлінулердің жоқтығына көз жеткізу, сонымен қатар, сатушы ұйым мөр-
табанының бар екендігін, сатылған күнін және сатушының қолтаңбасын,
құралдың корпусындағы сериялық нөмірге дәл сәйкес келетін үлгінің нөмірі
мен сериялық нөмірін және жиынтығын тексеру қажет.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электр құралының қауіпсіз және тұрақты жұмысы на тек келесі
шарттарды сақтаған кезде ғана кепілдік беріледі:
1. Құралдың корпусын суға және басқа да сұйықтықтарға батыруға тыйым
салынады.
2. Құралды қуат беру көзіне қосудың алдында желі параметрлерінің 220-
240 В ~ 50 Гц мәндеріне сәйкес келетіндіктеріне көз жеткізу қажет.
3. Жұмыс істеп тұрған кезде электр
құралының ішкі металл бөліктеріне қолдармен және дененің қорғалмаған
бөліктерімен жанаспаңыз.
Сонымен бірге электр құралының металл бөліктерімен жұмыстан кейін біраз
уақыт жанасудан аулақ болыңыз. Электр құралының суынуын тосыңыз.
4. Электр құралын желіден ажырату кезінде баусымнан емес, істікшеден
ұстау керек.
5. Егер ол тіпті желіден ажыратылған болса да, электр құралына балалар-
дың жанасуына рұқсат бермеу керек.
6. Құралды егер ол қолданылмаса әрдайым желіден ажыратып отыру керек.
7. Сонымен қатар құралды кез келген ақаулықтар орын алған жағдайда
және жұмыс аяқталғаннан кейін желіден ажырату керек.
8. Құралды аталған нұсқаулықта көрсетілгендерден басқа кез келген мақ-
саттар үшін қолданбау керек. Жұмыс, сақтау және құралды күту аталған
пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкес жүзеге асырылуы керек.
9. Сым мен құралдың бүтіндігін қадағалау керек. Құралды бүлінулер бар
болған жағдайда қолдануға тыйым салынады.
10. Желілік кабель бүлінген жағдайда қауіп-қатерге жол бермеу үшін оны
өндіруші немесе оның агенті, немесе аналогтік білікті тұлға ауыстыруы
керек. Желілік кабельді ауыстыру қолданыстағы тарифке сай авторлан-
дырылған сервистік орталықта жүзеге асырылуы керек.
11. Жұмыс істеп тұрған электр құралының жанында балалар мен жануар-
лардың болуларын болдырмаңыз.
12. Электр құралын егер жану немесе жарылу қаупі бар болған жағдайда
қолданбаңыз, мәселен, тез жанғыш сұйықтықтар мен газдың жанында.
13. Іске қосулы құралды қараусыз қалдырмаңыз.
KAZ
11
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Содержание

Похожие устройства

Скачать