Marta MT-1591 [7/8] Mt 1591

Marta MT-1591 [7/8] Mt 1591
MT-1591
7
KAZ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдаланар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз және кейін анықтама алу үшін сақтап қойыңыз.
Алғашқы қосу алдында бұйымның таңбалауында көрсетілген техникалық сиаттамалары жергілікті желіңіздегі электр қоректенуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
Тек тұрмыстық мақсатта пайдаланыңыз. Аспап өнеркәсіәпте қолдануға арналмаған.
Бөлменің сыртында пайдаланбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған аспапты қараусыз қалдырмаңыз.
Желілік бауы зақымданған немесе басқа зақымдары бар аспапты пайдаланбаңыз.
Желілік бау өткір шеттер мен ыстық беттерге тимеуін байқаңыз.
Желілік бауды аспап корпусының айналасына орамаңыз, бұрамаңыз және тартпаңыз.
Аспапты қоректену желісінен ажыратқанда желілік бауды тартпай, тек ашадан ұстаңыз.
Аспапты өз бетімен жөндеуге тырыспаңыз. Ақау туындаған жағдайда жақын орналасқан сервистік орталыққа жолығыңыз.
Кеңес берілмеген қосымша керек-жарақты пайдалансаңыз, қауіп төнуі немесе аспап зақымдануы мүмкін.
Аспапты тазалау алдында және оны пайдаланбасаңыз ылғи электр желіден ажыратыңыз.
Электр тоқ соқпау және тұтанбау үшін аспапты суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз. Егер бұл бола қалса, оны бірден электр желіден ажыратып, тексеру үшін сервистік орталыққа
жолығыңыз.
Аспап физикалық және психикалық шектеулері бар, осы аспапты пайдалану тәжірибесі жоқ адамдармен (соның ішінде балалармен) пайдаланылуға арналмаған. Бұл жағдайда пайдаланушыны
оның қауіпсіздігіне жауап беретін адам алдын ала үйрету керек. Пышақпен жұмыс істегенде абай болыңыз. Үздіксіз жұмыстың ең үлкен рұқсат етілген уақыты кем дегенде 1 минут.
Жұмыс аяқталған сайын аспап өшкеніне, қозғалтқыш толық тоқтағанына көз жеткізіңіз және тек сонда ғана қақпақты ашыңыз.
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
Аспапты орамынан шығарып, барлық жапсырмаларды алып тастаңыз
Моторлық блокты дымқыл шүберекпен сүртіп, саптаманы суда жуып, мұқият шайып, кептіріңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
Аспапты тазалау алдында электр желісінен міндетті түрде ажыратыңыз.
Аспаптың өткір кесу жүздерін пайдаланғанда абай болыңыз! Моторлық бөлікті дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Моторлық бөлікті су ағынына немесе суға ешқашан батырмаңыз.
Саптамаларды сабынды суда жуып, шайқап, кептіріңіз. Аспап бөлшектерін кептіріп сүртіңіз. Пластик бөліктері боялмас үшін аспапты пайдаланған соң дереу жууға кеңес беріледі.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
КЕПІЛДІК ШЫҒЫН МАТЕРИАЛДАРЫНА (СҮЗГІЛЕР, КЕРАМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КҮЮГЕ ҚАРСЫ ЖАБЫНДЫЛАР, РЕЗИНА НЫҒЫЗДАУЫШТАР МЕН БАСҚАЛАР) ТАРАЛМАЙДЫ.
Аспап жасалу күнін бұйым қорабындағы сәйкестендіру стикерінде және/немесе бұйымның өзіндегі стикерде табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады, 4-ші және 5-ші белгі аспаптың жасалу айын, 6-шы
және 7-ші белгі жылын білдіреді. Өндіруші аспаптың дизайны мен техникалық сипаттамаларын алдын ала ескетпей өзгерту құқығын өзінде қалдырады.
Қызмет көрсету орталықтары туралы нақты ақпарат http://multimarta.com сайтында танысуға болады.
Өндіруші зауыт: COSMOS FAR VIEW INTERNATIONAL LIMITED Room 701, 16 apt, lane 165, Rainbow North Street, Ningbo, China Қытайда жасалған
Қалып
Электр қоректену
Куат
Нетто / брутто салмағы
Қорап өлшемдері (Ұ х Е х Б)
MT-1591
230 В ~ 50 Гц
1200 Вт
2.8 кг / 3.1 кг
230 мм x 190 мм x 315 мм

Похожие устройства

Скачать