Haier HMX-BTG259W [20/56] Сипаттамалары

Haier HMX-BTG259W [20/56] Сипаттамалары
ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДЫ ЭНЕРГИЯНЫҢ ШАМАДАН ТЫС
ЫҚТИМАЛ ӘСЕРІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУГЕ АРНАЛҒАН
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
(a) Пешті ашық есікшесімен пайдалануға тырыспаңыз, себебі бұл қысқа
толқынды энергияның зиянды әсеріне әкелуі мүмкін. Қорғаныш экранды
шешіп алмаңыз және сындырмаңыз.
(b) Пештің алдыңғы жағы мен есікшесі арысына ешқандай заттарды
орналастырмаңыз және тығыздауыш беттерде ластың немесе тазартқыш
құрал қылдықтарының жиналуына жол бермеңіз.
(c) НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: егер есікше немесе есік тығыздауыштары бүлінген
болса, оларды құзыретті тұлға жөндемейінше пешті пайдаланбау керек.
ҚОСЫМША
Егер құрылғы таза күйде ұсталмаса, оның беттері бүлінуі мүмкін, бұл
құрылғының қызмет ету мерзіміне әсер етуі және қауіпті салдарға әкелуі мүмкін.
Сипаттамалары
Үлгісі:
HMX-BTG259B, HMX-BTG259W, HMX-BTG259X
Атаулы кернеу: 230 В ~ / 50 Гц
Атаулы кіріс қуаты (қысқа толқ.): 1450 Вт
Атаулы шығыс қуаты (қысқа толқ.): 900 Вт
Атаулы кіріс қуаты (қақтама): 1200 Вт
Пеш сыйымдылығы: 25 л
Сыртқы өлшемдері: 595 × 400 × 384 мм
Өнім сыртқы таймердің немесе жеке қашықтан басқару жүйесінің көмегімен пайдалануға
арналмаған.
Аспап келесі сияқты тұрмыстық және осыған ұқсас басқа жағдайларда пайдалануға
арналған:
- дүкендердегі, кеңселердегі және басқа қызметтік орынжайлардағы қызметкерлердің
демалу бөлмелерінде;
қала сыртындағы үйлерде;
қонақ үйлер, мотельдер бөлмелерінде және осыған ұқсас басқа да үй-жайларда;
«түнеу және таңғы ас» түріндегі үй қонақ үйлерде.
2

Содержание