Electrolux EW6T5R261 [24/64] Ықтимал іркілістер

Electrolux EW6T5R261 [24/64] Ықтимал іркілістер
12.2 Ықтимал іркілістер
Ақаулық Ықтимал шешімі
Бағдарлама
басталмай тұр.
Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы қақпағының және барабан есігінің жабық
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы еш сақтандырғышқа
зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.
Старт/Пауза басылғанына көз жеткізіңіз.
Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса,
оны ажыратыңыз не кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
Егер Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны
ажыратыңыз.
Таңдалған бағдарламадағы тетіктің тұрған жерін
тексеріңіз.
Құрылғыға су дұрыс
құйылмай тұр.
Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте
төмен емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты
жергілікті су ресурстары мекемесіне хабарласып
алыңыз.
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Бұл мәселе су құятын түтік сүзгісіне не төгетін
жүйенің бітеліп қалуына байланысты болуы мүмкін.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Су құятын түтіктің сүзгісі мен клапанның сүзгілерінің
бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз. "Күту менен
тазалау" тарауын қараңыз.
Құрылғыға су
құйылады да, дереу
төгіледі
Су төгетін түтіктің дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз. Түтік өте төмен орналасқан болуы мүмкін.
"Орнату нұсқаулығы" тарауын қараңыз.
Құрылғы суы
сарқылмай тұр.
Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Мәселе төгетін жүйенің бітеліп қалуына байланысты
болуы мүмкін. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Су төгетін түтіктің дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
Егер су төгетін циклы жоқ бағдарлама орнатылып
тұрса, су төгу бағдарламасын орнатыңыз.
Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын функцияны
таңдасаңыз, су төгу бағдарламасын орнатыңыз.
Айналдыру циклы
жұмыс істемейді
немесе жуу циклы
әдеттегіден ұзаққа
созылады.
Айналдыру бағдарламасын орнатыңыз.
Мәселе төгетін жүйенің бітеліп қалуына байланысты
болуы мүмкін. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Бұндай жағдай орын алса, барабандағы кірді қолмен
таратып, айналдыру циклін қайта бастаңыз. Бұл
мәселе теңгерімге байланысты болуы мүмкін.
www.electrolux.com24

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения