Zanussi ZWQ61225CI [16/40] Су құятын түтіктің және клапанның сүзгісін тазалау

Zanussi ZWQ61225CI [16/40] Су құятын түтіктің және клапанның сүзгісін тазалау
СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІКТІҢ ЖӘНЕ КЛАПАННЫҢ СҮЗГІСІН ТАЗАЛАУ
1
2
3
1 2 3
90˚
4
МҰЗДАП КЕТУДЕН САҚТАУ
Құрылғы температурасы 0 °C градустан төмен
түсетін жерге орнатылса, су құятын түтіктегі
және су төгетін сорғыдағы қалдық суды төгіңіз.
Суды тосын жағдай орын алғанда
төгу үшін де осы әрекетті
орындаңыз.
1. Ашаны розеткадан ағытыңыз.
2. Су құятын түтікті алыңыз.
3. Су төгетін түтікті артқы тіреуіштен ағытып,
раковинадан немесе төлкеден алыңыз.
4. Су төгетін және құятын түтіктердің ұшын
сауытқа салыңыз. Түтіктердегі суды
ағызыңыз.
5. Отжим/Слив опциясы бар кез келген
таңдалған бағдарламаны орнатып, оны
циклдің соңына дейін орындаңыз.
6. Су ағып болған кезде су құятын және
төгетін түтіктерді қайта орнатыңыз.
7. Құрылғыны сөндіру үшін Вкл/Выкл
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТУ! Құрылғыны қайта іске
қолданар алдында
температураның 0°C градустан
жоғары екеніне көз жеткізіңіз.
Төмен температураға байланысты
орын алған ақауларға өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
КІРІСПЕ
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе
жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз
(кестеге қараңыз). Ақаулық жойылмаса,
уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Кейбір ақаулықтарда дыбыстық сигналдар
қосылады және бейнебетте ескерту коды
пайда болады:
- Құрылғыға су дұрыс құйылмай тұр.
Құрылғыны түймешігін қайта басып
бастаңыз. 10 секундтан кейін қақпақ
ашылады.
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Құрылғының қақпағы ашық немесе
дұрыс жабылмаған. Қақпақты тексеріңіз!
- Электр желісі тұрақты емес. Электр
желісі тұрақтанғанша күтіңіз.
"Жабдықтау желісінде мәселе бар"
тарауын қараңыз.
- Құрылғының электронды
элементтерінің арасында байланыс жоқ.
Сөндіріңіз де, қайта қосыңыз. Бағдарлама
дұрыс аяқталмаған не құрылғы уақытынан
бұрын тоқтаған. Ескерту коды қайта пайда
болса, уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ! Тексеріп көру алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
16

Содержание

Похожие устройства

Скачать