Philips HX6851/34 [224/236] Quadpacer

Philips HX6851/34 [224/236] Quadpacer
көрсететін кері байланысты бірден береді. Бұл пікір діріл өзгерісімен
және щеткамен тазалау сезімімен берілген.
Қысым датчигін өшіру үшін, «Мүмкіндіктерді белсендіру немесе
өшіру» бөлімін қараңыз.
Quadpacer
Quadpacer — ауыз қуысының әр түрлі бөлігін тазарту үшін ескертетін
қысқа сигналы мен кідірісі бар интервал таймері. Таңдалған тазалау
режиміне байланысты («Щеткамен тазалау режимдері» бөлімін
қараңыз) тазалау циклі барысында Quadpacer дыбыс сигналын әр
түрлі аралықтарда береді.
Мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру
Тіс щеткасының келесі мүмкіндіктерін белсендіруге немесе өшіруге
болады:
- EasyStart
- Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш
- Қысым датчигі
Осы мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру үшін, төмендегі
нұсқауларды орындаңыз:
EasyStart
1 Сапты розеткаға қосылған зарядтағышқа қойыңыз.
2 Сап зарядтағышта болған кезде қуат қосу/өшіру түймесін басып
тұрыңыз.
3 Жалғыз қысқа дыбыстық сигнал естілгенше (2 секундтан кейін)
қуат қосу/өшіру түймесін басып тұрыңыз.
4 Қуат қосу/өшіру түймесін босатыңыз.
-
Төмен-орташа-жоғары үштік үні EasyStart мүмкіндігінің
белсендірілгенін білдіреді. Сонымен қатар, щетка басын
ауыстыру шамы және батарея шамы белсендіруді растау үшін 3
рет жасыл түсте жыпылықтайды.
-
Жоғары-орташа-төмен үштік үні EasyStart мүмкіндігінің
өшірілгенін білдіреді. Сонымен қатар, щетка басын ауыстыру
шамы және батарея шамы өшіруді растау үшін 3 рет сары түсте
жыпылықтайды.
224
Қазақша

Содержание

Похожие устройства

Скачать