LG AP551AWFA.AERU [46/80] Смарт функциясын пайдалану

LG AP551AWFA.AERU [46/80] Смарт функциясын пайдалану
20
СМАРТ ФУНКЦИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
Бұл функция смарт құрылғы қолданбасы шығарылғанда қолжетімді болады.
Өнімді пайдалану ыңғайлылығын арттыру үшін, «LG PuriCare Очиститель
воздуха для ношения на лице» қолданбасын смарт құрылғыларға орнатыңыз.
«LG PuriCare Очиститель воздуха для ношения на
лице» қолданбасын пайдалану
«LG PuriCare Очиститель воздуха для ношения на лице» қолданбасын орнату
«LG PuriCare Очиститель воздуха для ношения на лице» қолданбасын
Google Play немесе Apple App Store дүкенінен іздеп, оны смарт құрылғыңызға
орнатыңыз.Толық нұсқауларды қолданбаның Анықтама бетінен қараңыз.
Өнімді жұптастыру
Жұптастыру – бөлек Bluetooth құрылғыларын жалғау процесі. Жұптастыру
процесін тек бір рет аяқтауыңыз қажет.
1
Смарт құрылғыңызда «LG PuriCare Очиститель воздуха для ношения на
лице»е қолданбасын іске қосып, «Начало работы(Іске кірісу)» түймесін
басыңыз.
2
Өнімнің қосу түймесін 7 секунд не одан артық ұстап тұрыңыз.
3
Өнімнің Bluetooth индикатор шамы жыпылықтап тұрғанын тексеріп,
«Начать Регистрацию(Тіркеуді бастау)» түймесін басыңыз.
4
Қосқыңыз келетін өнімді қолданбадағы экраннан таңдаңыз.
5
Қолданба және өнім Bluetooth арқылы қосылғанда, өнімнің Bluetooth
индикатор шамы іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ
Қосылған өнім мен смарт құрылғыны барынша жақын ұстаңыз. Bluetooth
мүмкіндігі келесі жағдайларда тіпті жақын қашықтықтан да дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін:
- Өнім мен смарт құрылғы арасында кедергі немесе адам болған жағдайда.
- Өнімнің немесе смарт құрылғының қасында медициналық жабдық, қысқа
толқынды пеш сияқты құрылғылар немесе бірдей Bluetooth жиілігін
пайдаланатын сымсыз жергілікті желі құрылғылары бар болса, өнім немесе
смарт құрылғы сигнал кедергісі себебінен ажыратылуы мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать