CHAIRMAN 727 Черный 6098211 [4/4] Страница 4
![CHAIRMAN 727 Черный 6098211 [4/4] Страница 4](/views2/1865993/page4/bg4.png)
Креслоны пайдалану және сақтау шарттары
1. Кеңселік креслоны өзіңіз құрастыратын болсаңыз, құрастыру жөніндегі нұсқаулықты мұқият
қараңыз. Креслоны құрастыру кезінде құрылымдары мен бекіту элементтерінің беріктігін тексеріңіз.
Кресло жылдың суық мезгілінде әкелінсе, креслоны құрастыру мен пайдалануды ол бөлме
температурасында бір тәулік тұрғаннан кейін бастаңыз.
2. Кресло тек қана бір адамға арналған. Креслоға түсетін максималды рұқсат етілген жүктемені
асырмаңыз және шынтақшаларына қарқынды жүктеме түсірмеңіз.
3. Кресло ауа температурасы +10ᵒС төмен емес және +40ᵒС аспайтын, салыстырмалы ылғалдылығы
65-85% жағдайда, жылыту және желдету жүзеге асырылатын құрғақ және жылы жағдайларда
сақталуы және қолданылуы керек. Көрсетілген режимдерден айтарлықтай ауытқу оның
тұтынушылық қасиеттерінің күрт нашарлауына әкеп соқтырады. Жылыту аспаптары мен басқа жылу
көздеріне бір метрден жақын жерде, сондай-ақ тікелей күн сәулелерінің астында орналасуы тез
ескіруі мен беткі қабатының зақымдалуын тудырады.
4. Дөңбектенуін болдырмау үшін креслоның беткі қабатын ылғалдан қорғаған жөн; бетіне су мен лак-
бояу үлдірлерін ерітетін сұйықтықтардың (спирт, ацетон, бензин және басқ.) тиюіне жол беруге
болмайды.
5. Құрылымдық элементтерін қатты заттар, абразивті ұнтақтардың әсерінен, сондай-ақ шамадан тыс
дене жүктемесінен туындауы мүмкін механикалық зақымдаулардан қорғаңыз.
6. Беткі қабатының ыстық заттармен және қайнаған ыстық сумен жанасуына жол беруге болмайды.
Мұндай пайдалану беткі қабатының дөңбектенуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Күтімнің жалпы
шарттарынан басқа, пластикке арналған тегістегіштерді қолдануға болады. Бұл ретте тегістеу (өңдеу)
үшін кері көрсетімдері бар тегістегіштерді (өзге тұрмыстық химия өнімдерін) пайдалануға болмайды.
7. Креслоға күтім жасауды тек қана сапалы, осы мақсаттарға арналған тазартқыш және тегістегіш
құралдардың қолданылуымен, қоса берілетін қолдану тәсілі мен аймағы (беткі қабаттар,
материалдар)туралы өндірушілердің нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырған жөн. Шаң таза, құрғақ
және жұмсақ шүберекпен (фланель, шұға, мақпал және т.б.) сүртіледі. Кез келген бөлігін ол
ластанғаннан кейін барынша жылдам тазартуға кеңес беріледі. Ластануды біраз уақытқа
қалдырсаңыз, айғыз іздер, дақтардың түзілу, бұйымдар мен олардың бөліктерінің зақымдалу қаупі
айтарлықтай артады.
8. Жалпы шарттардан басқа, тазарту үшін пайдаланар алдында суланып, жақсылап сығылған жұмсақ
шүберек немесе күдеріні пайдалануға кеңес беріледі. Тазарту аяқталғаннан кейін әр жолы суланған
бөліктерін мұқият кептіріңіз (құрғақ шүберекпен сүртіңіз). Шаңсорғышпен жүйелі түрде құрғақ
тазарту жақсы балама болып табылады.
9. Креслоны пайдалану барысында оның барлық элементтерінің сенімді бекітілуін сақтау үшін әр 5 ай
сайын (немесе қажеттілік бойынша одан жиірек) бұрандаларын бекітіп бұрап отыруға кеңес беріледі.
10. Дайындаушы-фирма өзгертулер жайлы қосымша хабарландырусыз, креслолардың үлгілерін
жаңартуға байланысты кеңселік креслоның жинақталымын өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
11. Ресейде жасалған.
Өндіруші: «ТАЙПИТ-МК» ЖШҚ, 121596, Мәскеу қаласы, Горбунова көшесі, 2 үй, 3 корп., А329/1 кеңсе.
Дистрибьютор: «ТАЙПИТ-МК» ЖШҚ, 121596, Мәскеу қаласы, Горбунова көшесі, 2 үй, 3 корп., А329/1
кеңсе.
Пайдалану мерзімі 36 ай.
Кепілдік мерзімі 24 ай.
KAZ
Содержание
Похожие устройства
- CHAIRMAN 279 Бордо 1152937 Инструкция по эксплуатации
- CHAIRMAN 445 WD КОРИЧНЕВЫЙ 7009713 Инструкция по эксплуатации
- CHAIRMAN 7008799 Инструкция по эксплуатации
- CHAIRMAN 7015920 Инструкция по эксплуатации
- CHAIRMAN 7015665 Инструкция по эксплуатации
- CHAIRMAN 920 Св.Сер/Т.сер 7015151 Инструкция по эксплуатации
- CHAIRMAN 7017851 Инструкция по эксплуатации
- CHAIRMAN 7017848 Инструкция по эксплуатации
- CHAIRMAN 7014852 Инструкция по эксплуатации
- CHAIRMAN 7016535 Инструкция по эксплуатации
- CHAIRMAN 7016534 Инструкция по эксплуатации
- CHAIRMAN 7017609 Инструкция по эксплуатации
- CHAIRMAN 7017858 Инструкция по эксплуатации
- CHAIRMAN 7017855 Инструкция по эксплуатации
- Cyberpower VALUE 1200EILCD Руководства пользователя
- Bialetti Dama, 3 кружки Инструкция по эксплуатации
- Bialetti Junior, 3 кружки Инструкция по эксплуатации
- Bialetti Junior, 6 кружек Инструкция по эксплуатации
- Bialetti Morenita, 3 кружки Инструкция по эксплуатации
- Flama ЭБЧШ-5-4-7-220 тип АЕ мод.1409 Инструкция по эксплуатации