CHAIRMAN 969 Зеленый 7017852 [4/4] Страница 4
![CHAIRMAN 7017848 [4/4] Страница 4](/views2/1865976/page4/bg4.png)
Креслоны пайдалану және сақтау шарттары
1. Кеңселік креслоны өзіңіз құрастыратын болсаңыз, құрастыру жөніндегі нұсқаулықты мұқият
қараңыз. Креслоны құрастыру кезінде құрылымдары мен бекіту элементтерінің беріктігін тексеріңіз.
Кресло жылдың суық мезгілінде әкелінсе, креслоны құрастыру мен пайдалануды ол бөлме
температурасында бір тәулік тұрғаннан кейін бастаңыз.
2. Кресло тек қана бір адамға арналған. Креслоға түсетін максималды рұқсат етілген жүктемені
асырмаңыз және шынтақшаларына қарқынды жүктеме түсірмеңіз.
3. Кресло ауа температурасы +10 С төмен емес және +40 С аспайтын, салыстырмалы ылғалдылығы ᵒ ᵒ
65-85% жағдайда, жылыту және желдету жүзеге асырылатын құрғақ және жылы жайларда
пайдаланылуы тиіс. Көрсетілген режимдерден айтарлықтай ауытқу оның тұтынушылық
қасиеттерінің күрт нашарлауына әкеп соқтырады. Жылыту аспаптары мен басқа жылу көздеріне бір
метрден жақын жерде, сондай-ақ тікелей күн сәулелерінің астында орналасуы тез ескіруі мен беткі
қабатының зақымдалуын тудырады.
4. Дөңбектенуін болдырмау үшін креслоның беткі қабатын ылғалдан қорғаған жөн; бетіне су мен лак-
бояу үлдірлерін ерітетін сұйықтықтардың (спирт, ацетон, бензин және басқ.) тиюіне жол беруге
болмайды.
5. Құрылымдық элементтерін қатты заттар, абразивті ұнтақтардың әсерінен, сондай-ақ шамадан тыс
дене жүктемесінен туындауы мүмкін механикалық зақымдаулардан қорғаңыз.
6. Беткі қабатының ыстық заттармен және қайнаған ыстық сумен жанасуына жол беруге болмайды.
Мұндай пайдалану беткі қабатының дөңбектенуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Күтімнің жалпы
шарттарынан басқа, пластикке арналған тегістегіштерді қолдануға болады. Бұл ретте тегістеу (өңдеу)
үшін кері көрсетімдері бар тегістегіштерді (өзге тұрмыстық химия өнімдерін) пайдалануға болмайды.
7. Креслоға күтім жасауды тек қана сапалы, осы мақсаттарға арналған тазартқыш және тегістегіш
құралдардың қолданылуымен, қоса берілетін қолдану тәсілі мен аймағы (беткі қабаттар,
материалдар)туралы өндірушілердің нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырған жөн. Шаң таза, құрғақ
және жұмсақ шүберекпен (фланель, шұға, мақпал және т.б.) сүртіледі. Кез келген бөлігін ол
ластанғаннан кейін барынша жылдам тазартуға кеңес беріледі. Ластануды біраз уақытқа
қалдырсаңыз, айғыз іздер, дақтардың түзілу, бұйымдар мен олардың бөліктерінің зақымдалу қаупі
айтарлықтай артады.
8. Жалпы шарттардан басқа, тазарту үшін пайдаланар алдында суланып, жақсылап сығылған жұмсақ
шүберек немесе күдеріні пайдалануға кеңес беріледі. Тазарту аяқталғаннан кейін әр жолы суланған
бөліктерін мұқият кептіріңіз (құрғақ шүберекпен сүртіңіз). Шаңсорғышпен жүйелі түрде құрғақ
тазарту жақсы балама болып табылады.
9. Креслоны пайдалану барысында оның барлық элементтерінің сенімді бекітілуін сақтау үшін әр 5 ай
сайын (немесе қажеттілік бойынша одан жиірек) бұрандаларын бекітіп бұрап отыруға кеңес беріледі.
10. Дайындаушы-фирма өзгертулер жайлы қосымша хабарландырусыз, креслолардың үлгілерін
жаңартуға байланысты кеңселік креслоның жинақталымын өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
11. Ресейде жасалған.
Өндіруші: "КФТ" ЖШҚ, 142450, ысы, Ногинский ауданы, Старая Купавна қ.,Мәскеу обл
Дорожная көш., 3 үй, лит. Ф, 18 кеңсе.
Дистрибьютор: «ТАЙПИТ-МК» ЖШҚ, 107497, Мәскеу қ., Иркутская көш., 11 үй, 1 корп., 424а кеңсе.
Сәйкестік декларациясының нөмірі ЕАЭС N RU Д-RU.АГ16.В.00360.:
Пайдалану мерзімі 36 ай.
Кепілдік мерзімі 24 ай.
KAZ
Содержание
Похожие устройства
- Genesis Argon 500 Stereo Headset (NSG-0998) Инструкция по эксплуатации
- Genesis Neon 360 Stereo Headset (NSG-1107) Инструкция по эксплуатации
- Сокол Меб.фабрика КСТ-10.1 Белый Инструкция по эксплуатации
- Сокол Меб.фабрика КСТ-10.1 Дуб сонома Инструкция по эксплуатации
- Rombica Digital AB-04 microUSB 2м, Black Инструкция по эксплуатации
- Rombica Digital AB-04 microUSB 2м, Red/Black Инструкция по эксплуатации
- Rombica Digital CB-AB05 Инструкция по эксплуатации
- Rombica Digital CB-04 Type-C 2м, Gray/White Инструкция по эксплуатации
- Rombica Digital CB-05 Type-C 1м, Gray Инструкция по эксплуатации
- Pilot BIT (арт. 137) Инструкция по эксплуатации
- W.O.L.T. WCU-001 Руководство по эксплуатации
- Interstep PB4000M Сирень MINT Инструкция по эксплуатации
- CHAIRMAN Game 20 Gray/Light Blue Инструкция по эксплуатации
- CHAIRMAN Game 20 Gray/Oramge Инструкция по эксплуатации
- CHAIRMAN Game 22 Gray/Light Blue Инструкция по эксплуатации
- CHAIRMAN Game 22 Gray/Oramge Инструкция по эксплуатации
- Favorit Office Screen Clean Complete (F140005) Инструкция по эксплуатации
- Favorit Office Notebook Clean (F430029) Инструкция по эксплуатации
- Favorit Office Screen Clean (F130001) Инструкция по эксплуатации
- Favorit Office Air Duster (F240032) Инструкция по эксплуатации