Polaris phs 2090k [11/19] Тазарту және күту

Polaris phs 2090k [11/19] Тазарту және күту
11
1-2 минуттан кейін жұмыс беті максималды температураға дейін қызады.
Шашыңыз таза болуы тиіс. Шашыңыздың бір бөлігін алып, жұмыс пластиналарымен қатты
қысыңыз және сол қалпымен жоғарыдан төмен қарай жүргізіңіз.
Қажетінше осы әрекетті тағы бір рет қайталаңыз, содан кейін шашыңыздың келесі бөлігіне
көшіңіз.
Құралмен жұмысты аяқтаған соң ауыстырып-қосқышты OFF қалыбына қойыңыз. Құралды
желіден ажыратыңыз.
Құралдың жұмыс бетін бүлдіріп алмас үшін шашқа арналған қатыратын құралдарды
шашыңызды әсемдеп болған соң ғана қолданыңыз.
Тазарту және күту
Тазартудан бұрын құралды желіден ажыратып, толығымен салқындатыңыз.
Жұмсақ қылшақтың көмегімен соратын саңылауды ұдайы тазартып тұрыңыз.
Құралдың сыртқы бетін қосымша тазарту құралдарынсыз жұмсақ құрғақ шүберекпен
тазартыңыз.
Абразивті тазарту құралдарын қолданбаңыз
Құралды суға салуға мүлдем болмайды.
Сақта- немесе транспортировать аспап бүктеулі көріністе болады, қашан сымбатты қаламды
аспаптың кеудесіне деген орын алмастыр-.
Сақтау жөніндегі шарт
Құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын және 5ºС-тан кем емес,
салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар материалдарына
теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда
сақталуы тиіс
Тасымалдау жөніндегі шарт
Құралдарды тасымалданатын көлік түрінде әрекет ететін, механикаландырылған жүк тиеу-түсіру
жұмыстарын қамтамасыз ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес жабық көлік құралдарының кез
келген түрінде тасымалдайды. Құралдарды тасымалдау барысында бүлінуден сақтау әрекеті қамтамасыз
етілуі тиіс – бұйым сапасы мен тұтынушы құралының сыртқы түрін сақтау. Құралдарды
тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен, агрессивті ортадан сақтау
қажет.
Өрттің пайда болуын алдын-алу, электр тоғымен зақымданбау, құралды пайдалану барысында
жарақаттан сақтанып, оны бүлдірмеу үшін құралды қолдану барысында қауіпсіздіктің негізгі
шараларын, сондай-ақ электр құрылғыларымен жұмыс атқару барысында қауіпсіздік бойынша жалпы
нұсқауларды қатаң түрде қадағалаңыз.
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
Ескертпе: Қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін құралды тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз. Оны одан әрі кәдеге жарату үшін арнайы орынға өткізіңіз. Бұл әрекетіңізбен Сіз қоршаған
ортаны қорғауға септігіңізді тигізесіз.
Скачать