Ставр тб-1400лр Руководство по эксплуатации онлайн [27/34] 207475

Ставр тб-1400лр Руководство по эксплуатации онлайн [27/34] 207475
4. Белдіктің ұзындығын реттеңіз.
ҚОРҒАНЫС ҚАПТАМАНЫ ОРНАТУ
Қорғаныс қаптаманы (16) қолданылушы
саптамаға байланысты орнатылады!
1. Құралды қатты тегіс бетке орнатыңыз.
2. Қорғаныс қаптаманы (16) триммердің
қарнағындағы (2) тиісті бекітпеге
қойыңыз.
3. Бұрағыштың және сомын бұрағыш
кілттің көмегімен 4 бұрандамалармен (а)
қаптаманы (16) қарнақтағы (2) бекітпеге
бұрап бекітіңіз.
4. Бұрандамаларды мұқият тартып
бекітіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жарақат алулар-
ды болдырмау үшін әрдайым қорғаныс
қаптаманы орнатыңыз.
КЕСУШІ ҚҰРАЛДЫ ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ: кесуші құралдармен жұмыс
жасау кезінде арнайы қорғаныс
қолғаптарын қолдану ұсынылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Пышақты
дұрыс орнатыңыз, себебі пышақты қате
орталықтау операторға және қоршаған
адамдарға зиян келтіруі мүмкін күшті
дірілдерге және бүлінулерге әкеліп
соқтыруы мүмкін.
Бензиндік триммерлерде СТАВР
таңбасындағы НТ-250/3, НТ-250/3С, НТ-
250/40, НТ-250/80 пышақтарын қолдану
ұсынылады.
Пышақты орнату үшін:
1. Құралды қатты тегіс бетке орнатыңыз.
2. Бәсеңдеткіштің күпшегіндегі
саңылауды біліктің саңылауына
үйлестіріңіз. Бекіткіш өзекті күпшектің
саңылауына қойыңыз.
3. Ішкі фланецті білікке кигізіңіз,
пышақты орнатыңыз, содан кейін
сыртқы фланецті кигізіңіз және сомынды
білікке бұрап бекітіңіз. Пышақтың дұрыс
орнатылғандығына көз жеткізіңіз.
4. Бекіткіш өзекті ұстай отырып, сомын-
ды кілтпен тартып бекітіңіз. Сомынды
пышақтың ішкі фланеці біліктің күпшегіне
тығыз қысылғанша дейін тартыңыз, ал
содан кейін сомынды қосымша ¼ - ½
айналымға тартыңыз.
5. Бекіткіш өзекті шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Триммердің
бұзылуын және қолданушының
жарақат алуын болдырмау үшін күпшек
саңылауына бекіткіш өзек қойылған
қозғалтқышты іске қосуға тыйым салы-
нады.
6. Кесуші пышақтан қорғаныс тысқабты
шешіңіз және оны ары қарай да қолдану
үшін сақтап қойыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Кесуші
пышақты қайрауға тыйым салынады.
Пышақты қате қайрау оның иілуіне
және орталықтаудың бұзылуына әкеліп
соқтыруы мүмкін, бұл жұмыс кезінде
дірілдерді және жарақат алу қауіптерін
арттырады. Қолдануға жарамсыз кесуші
пышақты ауыстыру керек.
КЕСУШІ ЖІППЕН ШАРҒЫНЫ ОРНАТУ
Ставр ТБ-1400ЛР бензиндік
триммерлерінде жартылай
автоматикалық ГТ-2,4/2,5 бастиектерін
қолдану ұсынылады.
1. Құралды қатты тегіс бетке орнатыңыз.
2. Бәсеңдеткіштегі саңылауды біліктегі
саңылаумен үйлестіріңіз. Бекіткіш өзекті
күпшектің саңылауына қойыңыз.
3. Ішкі фленецті кигізіңіз. Жіппен
шарғыны білікке бұрап бекітіңіз.
4. Жіптің қос жағының триммерлік
бастиектердің шығыс саңылауларында
орналасқандарына көз жеткізіңіз.
5. Қорғаныс қаптаманы орнатыңыз.
6. Бекіткіш өзекті шығарыңыз.
7. Жіптер ұзындығының максималды
жұмыс ұзындығынан аспайтындығына
көз жеткізіңіз.
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ 27
KAZ

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Течёт бачок как он крепится
2 года назад