LG LGP715 Optimus L7 II Dual [209/233] Желілерге және құрылғыларға қосылу

LG LGP715 Optimus L7 II Dual [209/233] Желілерге және құрылғыларға қосылу
13
Желілерге және құрылғыларға қосылу
Wi-Fi
Wi-Fi арқылы сымсыз кіру нүктесінің (AP) аясында жоғары жылдамдықты
интернетті пайдалануға болады. Қосымша ақысыз Wi-Fi желісінде Интернетті
пайдаланыңыз.
Wi-Fi желілеріне қосылу
Телефонды Wi-Fi желісін пайдалану үшін сымсыз ену нүктесіне немесе
«хотспотқа» кіру керек. Кейбір кіру нүктелері ашық және оларға оңай
қосылуға болады. Кейбіреулері жасырын немесе қауіпсіздік мүмкіндіктерін
пайдаланады. Оларға қосылу үшін телефон параметрлерін реттеу керек.
Батареяның жұмыс мерзімін ұзарту үшін, пайдаланбаған кезде Wi-Fi
мүмкіндігін өшіріп қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер Wi-Fi аймағынан тыс болсаңыз немесе Wi-Fi
функциясын ӨШІРУ күйіне орнатсаңыз, мобильді байланыс операторы
мобильді деректерді пайдалану үшін қосымша ақы алуы мүмкін.
Wi-Fi қызметін қосу және Wi-Fi желісіне қосылу
1 СЫМСЫЗ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЖЕЛІЛЕР ішінде > Қосымшалар
қойындысын > Баптаулар > Wi-Fi тармағын түртіңіз.
2 Қосу және бар Wi-Fi желілерін тексеруді бастау үшін Wi-Fi функциясын
ҚОСУ күйіне орнатыңыз.
3 Белсенді және ауқымдағы Wi-Fi желілерін көру үшін Wi-Fi мәзірін қайтадан
түртіңіз.
• Қауіпсіз желілерде құлып белгішесі тұрады.
4 Қосылу үшін, желіні түртіңіз.

Содержание

Скачать