LG LGD724 G3s [239/412] Негізгі экран

LG LGD724 G3s [239/412] Негізгі экран
27
Негізгі экран
Сенсорлы экран кеңестері
Төменде телефонда жылжу туралы біраз кеңестер берілген.
Түрту - саусақпен бір рет түрту элементтерді, сілтемелерді, төте жолдарды жəне
экрандық пернетақтадағы əріптерді таңдайды.
Түрту жəне ұстап тұруэкрандағы элементті түртіп, əрекет орындалғанша
саусағыңызды көтермей, түртіп ұстап тұрыңыз. Мысалы, контактінің қол жетімді
опцияларын ашу үшін мəтінмəн мəзірі ашылғанша, Контактілер тізімінде контактіні
түртіңіз жəне ұстап тұрыңыз.
Сүйре
у - элементті бір сəтке түртіп, ұстап тұрыңыз да, саусақты көтерместен,
саусақты мақсатты орынға жеткенше экранда жылжытыңыз. Орнын ауыстыру үшін
негізгі экранда элементтерді сүйреуге болады.
Сипау немесе сырғыту - сипау үшін бірінші тигенде кідірместен саусақты экранда
тез жылжытыңыз (элементті сүйремейсіз). Мысалы, экранды жоғары немесе төмен
жанап өтіп тізімді айналдыруға я бо
лмаса солдан оңға (жəне керісінше) жанап өту
арқылы əр түрлі негізгі экрандарды шолуға болады.
Екі рет түртувеб-бетті немесе картаны масштабтау үшін екі рет түртіңіз. Мысалы,
экран еніне сыйдыру мақсатында веб-бет бөлімшесін реттеу үшін сол бөлімшені
жылдам екі рет түртіңіз. Суретті көріп отырып, үлкейту жəне кішірейту үшін екі рет
түр
туге де болады.
Масштабтау үшін шымшу - шымшу немесе ашу қозғалысында сұқ саусағыңыз бен
бас бармағыңызды пайдаланып, шолғышты, Карталар бағдарламасын пайдаланып
жатқанда немесе суреттерді шолу кезінде үлкейтіңіз немесе кішірейтіңіз.
Экранды бұру - көп қолданбалар мен мəзірлерде экранның бағдары құрылғының
физикалық бағдарына сай реттеледі.
ЕСКЕРТПЕ.
Элементті таңдау үшін белгішенің ортасын түртіңіз.
Тым қатты баспаңыз, сенсорлы экран жай, бірақ нық түртуді сезетіндей сезімтал.
Қажетті опцияны түрту үшін саусақтың ұшын пайдаланыңыз. Басқа түймелерді
түртпеңіз.

Содержание

Скачать