LG LGD958 G Flex [337/560] Bluetooth

LG LGD958 G Flex [337/560] Bluetooth
45
5 Күй жолағы Wi-Fi күйін білдіретін белгішелерді көрсетеді.
Bluetooth
Көптеген басқа ұялы телефондардағы сияқты Bluetooth мәзірінен
емес, іске қосылған сәйкес қосымша арқылы деректерді жіберу
үшін Bluetooth мүмкіндігін пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ.
• Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе
қабылданған деректердің жоғалуына, оларды бөтен адамдардың
алуына немесе дұрыс қолданбауына LG компаниясы жауап бермейді.
• Әрдайым деректерді сенімді және жақсы қорғалған құрылғылармен
бөліскеніңізге және қабылдағаныңызға көз жеткізіңіз. Құрылғылар
арасында кедергілер болса, байланыс арақашықтығы қысқартылады.
• Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG арқылы сыналмағандары
немесе мақұлданбағандары құрылғыңызбен үйлесімді болмауы
мүмкін.
Bluetooth мүмкіндігін қосып, телефоныңызды Bluetooth
қосылған құрылғымен жұптау
Қосылмай тұрып құрылғыны екінші құрылғымен жұптау керек.
1 > > Қолданбалар қойындысын > Баптаулар >
Желілер қойындысын > Bluetooth функциясын ҚОСУ мәніне
қою опциясын түртіңіз.
2 Bluetooth мәзірін қайтадан түртіңіз. Телефонды көрінетін
ету опциясын және құрылғыларды іздеу опциясын көресіз.
Енді Bluetooth ауқымындағы құрылғыларды көру үшін
Құрылғыларды іздеу опциясын түртіңіз.
3 Тізімнен жұпталатын құрылғыны таңдаңыз.
Жұптау сәтті болғанда, құрылғыңыз екінші құрылғыға қосылады.

Содержание

Скачать